SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

60Co ӘСЕРІНЕ ҰШЫРАҒАН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ӘР ТҮРЛІЖАСТАҒЫ ҰРПАҒЫНЫҢ ЖІҢІШКЕ ІШЕК ЛИМФАТҮЙІНДЕРІНДЕГІ ЭНЕРГИЯ АЛМАСУ ҮРДІСІНІҢСАЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ

Авторлар

  • Нурлан Саякенов Автор
  • Дархан Узбеков Автор
  • Oралбек Ильдербаев Автор
  • Дария Шабдарбаева Автор
  • Салтанат Узбекова Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/chyrfd94

Кілт сөздер:

радиация , энергия алмасу

Аңдатпа

Шағын дозадағы (0,2 Гр) гамма-сәуленің әсеріне ұшыраған егеуқұйрықтардың 1-ші
ұрпағының 2, 5 және айлық ұрпақтарының жіңішке ішек лимфа түйіндерінде энергиялық алмасу
ферменттері - сукцинатдегидрогеназа мен цитохромоксидаза белсенділігін анықтау.
Эксперименттік зерттеу радиация әсеріне ұшыраған ақ түсті егеуқұйрықтардың аталық пен
аналық жынысты ұрпақтарына жасалды. Тәжірибенің мәні гамма-сәуле әсерінен ұшыраған
және интактты егеуқұйрықтар ұрпақтарының 2, 5 және 10 айлық ұрпақтарының жіңішке ішек
лимфа түйіндеріндегі энергия алмасу жағдайы зерттелді. Жануарларды сәулелендіру «Терагам»
атты чехиялық радиотерапиялық қондырғысында радиобелсенді элементі 60Co гаммасәулелерімен жүргізілді. Ол үшін тәжірибелік жануарларды сәулелендіруге Б.А.Жетпісбаев пен
авторлармен ұсынылған әдісі бойынша топометриялық-дозиметриялық дайындығы өткізілді.
Тәжірибелік жануарлардың жіңішке ішек лимфатүйіндері гомогенаттарында сукцинатдегидрогеназа белсенділігі С.О. Тапбергенов әдісімен (1971) анықталды және 1 мл нәруызға
тотықсыздандырылған тетразольдің нм/сек көрсетілді. Цитохромоксидаза Р.С. Кривченкова әдісі
(1974) бойынша анықталды. Алынған зерттеу нәтижелері SPSS бағдарламасы бойынша
өңделді. Салыстыру t-Стьюдент критерийі бойынша жүргізілді.
Жүргізілген тәжірибемізге сай тәжірибелі егеуқұйрықтардың ішек лимфа түйіндерінде 2 және
5 айлықтағы егеуқұйрықта өзгеріссіз қалды, р>0,05. Шағын дозадағы иондаушы сәуле әсеріне
ұшыраған жануарлардың 1-ші ұрпақтарындағы 10 айлық тәжірибелі егеуқұйрықтардың жіңішке
ішек лимфа түйіндерінде СДГ белсенділігі нақты түрде 20,13%-ға белсенділігі кемігені белгілі
болды (р<0,05).
Сонымен, зерттеуге алынған жіңішке ішек лимфа түйіндерінде энергиялық алмасу үрдісіндегі
СДГ және ЦХО ферменттерінің белсенділігі 0,2 Гр дозадағы гамма-сәулесін алған
егеуқұйрықтардан туылған 2 және 5 айлықтағы егеуқұйрықтарда тежелу үрдісі байқалса, 10
айлықтағы тәжірибелік топ егеуқұйрықтарында нақты түрде тежелгені анықталды. 

Автор өмірбаяны

  • Нурлан Саякенов

    к.м.н., доцент кафедры патологической анатомии и
    судебной медицины Государственного медицинского университета г. Семей, г. Семей, Казахстан. 

Әдебиеттер тізімі

Узбеков Д. Е., Ильдербаев О. З., Шабдарбаева Д. М., Саякенов Н. Б., Узбекова С. Е. Сравнительная

характеристика энергетического обмена в лимфоузлах тонкого кишечника потомков крыс различного

возраста, подвергнутых воздействию 60Co / / Наука и Здравоохранение. 2015. №2. С. 72-81.

Uzbekov D., Ilderbaev O., Shabdarbaeva D., Sayakenov N., Uzbekova S. Comparative characteristics of energy

metabolism in lymph nodes of small intestine of descendants of rats of different age exposed to 60Co. Nauka i

Zdravoohranenie [Science & Healthcare]. 2015, 2, pp. 72-81.

Узбеков Д. Е., Ильдербаев О. З., Шабдарбаева Д. М., Саякенов Н. Б., Узбекова С. Е. 60Co әсеріне

ұшыраған егеуқұйрықтардың әр түрлі жастағы ұрпағының жіңішке ішек лимфа түйіндеріндегі энергия

алмасу үрдісінің салыстырмалы сипаттамасы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. №2. Б. 72-81.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 5 6 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.