«Қазақстандық ғылыми мерзімдік басылымдарды трансформациялау: мәселелер мен перспективалар» атты Халықаралық конференция
Семей медицина университетінің Ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Дария Шабдарбаева және «Ғылым және денсаулық сақтау» журналының шығарушы редакторы Эльнура Сапарғалиева Алматы қаласында өткен «Қазақстандық ғылыми мерзімдік басылымдарын трансформациялау: проблемалар мен болашақ перспективалар» атты халықаралық конференцияға қатысты. Ауқымды шара ғылыми журналдардың бас редакторлары арасында редакциялық процесті басқару, жарияланымдардың сапасын арттыру, этикалық стандарттарды сақтау, ынтымақтастықты дамыту және кәсіби желілер құру мәселелері бойынша тәжірибе мен білім алмасу алаңына айналды. Басқосу барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Өмір туралы ғылым орталығының, еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасады. Мұнымен қатар, конференцияға алыс-жақын шетелдерден келген меймандар қатысты. Алқалы жиында мамандар мен сарапшылар еліміздегі ғылыми басылымдарды дамуына қатысты мәселелерді талқыланды.
Эльнура Сапаргалиева,
Шығарушы редактор