Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
12-18 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ЖАС-ӨСПІРІМДЕРІНІҢ ОСТЕОДЕНСИТОМЕТРЛІК ӨЛШЕМДЕРІ

Кіріспе. Соңғы онжылдықта жүргізілген, эпидемиологиялық зерттеулер ересек науқастарда кездесетін OП мәселесі балалық шақтан бастау алатынын сенімді көрсетті. Жалпы сүйек қалыптасуы өмірдің ең алғашқы жылдарында қалыптасатыны, олардың салмағының (минералды тығыздығы) максималды шегіне 18-20 жасында жететіні белгілі. Преморбидті жағдайлар немесе созылмалы аурулар болып табылатын әсерлерден балаларда сүйек түзілу үрдістерінің бұзылысына, балалық шақтағы сүйек беріктігінің төмендеуіне, болашақта сүйек сынықтары мен остеопороздың даму қаупіне әкеледі. Сүйек салмағының шыңы жеткіліксіз жинақталуы, OП үшін негізгі қауіпті факторларының бірі болып табылады, себебі сол жастық кезеңдегі түзілген сүйек негізі кейіннен жоғала бастайды. Осыған байланысты, балалардың сүйек салмағының қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу, қазіргі заманғы медицинаның өзекті бағыты болып табылады.

Зерттеу мақсаты: 12-18 жас аралығындағы дені сау балалардың өкше сүйегінің остеоденситометрлік көрсеткіштері бойынша жынысына, жасына, дене салмағына, бой ұзындығына байланыс әсерін анықтау.

Зерттеу әдістері мен материалдары: Зерттеу дизайны – көлденең бірмезгілді, сипаттамалық зерттеу. Дені сау балалардың сүйек тіні минералды тығыздығы (СТМТ) жағдайын зерттеу мақсатында өкше сүйегінің остеоденситометриясы - ультрадыбыстық денситометр (SONOST-3000, Оңтүстік Корея) аспабы көмегімен жүргізілді. Зерттеу барысында 396 оқушы тексеруден өткізілді. Зерттеуге қатысушылардың антропометриялық және денситометриялық көрсеткіштері берілді. Материалдарды өңдеу мен статистикалық талдау компьютерлік Statistica 10 бағдарламасы көмегімен, әр түрлі жыныстық топтағы статистикалық айырмашылықты анықтау үшін, сапалық белгілері бойынша тәуелсіз таңдамалар үшін Стьюдент тесті қолданылды. Жеке-жеке жыныстық топтарында көрсеткіштердің арасындағы байланыс жәй сызықтық регрессиялық талдау көмегімен жүргізілді. р-мәнінің 0,05-тен төмен жағдайына сәйкес параметрлер арасындағы айырмашылық статистикалық мәнді болып табылды.

Қорытынды: Антропометриялық көрсеткіштер бойынша ербалалар ерекшеленсе, керісінше қызбалаларда денситометриялық көрсеткіштер (СТМТ пайыздық шамасы (Z-score%) және ультрадыбыстық толқындардың жазықтолқынды бәсеңдеуі (BUA)) салыстырмалы түрде жоғары болуымен сипатталды. BUA көрсеткішінің жасқа байланысты толқын тәрізді өзгере отрып, көтерілу сызығы ербалаларға тән, ал қызбалаларда төмендеуі байқалды. Регрессиялық талдау барысында, BUA көрсеткіші мен дене салмағы индексі бойынша байланыс жыныс топтары арасында анықталды (R2=0,3; R2=0,26; р<0,005). Алынған нәтижелер қызбалаларда СТМТ төмен екендігін дәлелдейді және жастық-жыныстық жетілу кезеңдеріне сәйкес, әрі қарай тереңірек зерттеуді қажет етеді.

Айнур Аманжолқызы, htpp://orcid.org/0000-0002-1980-9032

Роза Е. Нургалиева, htpp://orcid.org/0000-0002-9713-8262

Жумабек Б. Досимов, htpp://orcid.org/0000-0003-3237-2207

Фарида К. Балмаганбетова, htpp://orcid.org/0000-0001-9821-6528

Майғаным Ж. Альмаханова, htpp://orcid.org/0000-0002-0794-4165

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті, Қалыпты физиология кафедрасы, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы

1.         Аманжолкызы А., Досимов А.Ж. Особенности минеральной плотности костной ткани у детей и подростков // Педиатрия и детская хирургия. 2015. №4. С.58-63.

2.         Ботабаева А.С. Распространенность и характеристика остеопороза среди взрослого населения г. Семей : дисс. канд. мед. наук. Семей, 2009. С. 102.

3.         Гаприндашвили Е.Г. Факторы риска нарушения костного метаболизма у детей: дисс. канд.мед.наук. Томск. 2010. С. 172.

4.         Гржибовский А.М., Иванов С.В. Поперечные (одномоментные) исследования в здравоохранении // Наука и Здравоохранение. 2015. № 2. С. 5-18.

5.         Досимов Ж.Б., Досимов А.Ж. Остеопении у детей и подростков // Педиатрия и детская хирургия. 2013. №3. С.49-52.

6.         Досимов Ж.Б., Есенаманова С.Н., Кульниязова Г.М., Тубулбаева С.А., Аманжолкызы А. Междисциплинарное взаимо-действие в системе охраны репродуктивного здоровья девочек-подростков // Педиатрия и детская хирургия. Спецвыпуск. 2016. №3. С. 62-63.

7.         Геппе Н.А. Детские болезни. Учебное пособие. Пер. с английского. М.: Рид Элсивер. 2010. С. 586.

8.         Здоровье Населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2008 году. Статистический сборник. Астана-Алматы, 2009. С. 312.

9.         Киселева A.Л. Возможности ультрасо-нометрии в оценке костной прочности у детей: дисс. канд. мед. наук. Томск, 2010. С.128.

10.     Кудрявцева И.В. Новые горизонты профилактики и лечения остеопороза. Методическое пособие ТЕВА Фармацевти-ческие предприятия ЛТД. 2005. С.48.

11.     Мальцев С.В., Мансурова Г.Ш., Колисниченко Т.В. Минеральная плотность кости у детей в разные возрастные период // Практическая медицина. 2013. №13. С.6-9.

12.     Почкайло А.С., Руденко Е.В., Жерносек В.Ф., Руденко Э.В. Проблема остеопении и остеопороза у детей // Медицина. 2007. № 4. С.41-45.

13.     Мирская Н.Б., Коломенская А.Н., Ляхович А.В., Синякина А.Д., Самусенко И.Ю. Профилактика и коррекция нарушений и заболеваний костно-мышечной системы у детей и подростков: Пособие для системы послевузовского профессионального образования врачей: учеб.пособие. - 2-е изд. – М. : Флинта, 2012. С–224.

14.     Храпова Ю.В. Нормативные показатели минеральной плотности костной ткани у детей и подростков г. Новосибирска: дисс. канд. мед. наук. 2010; С.123.

15.     Щеплягина Л.А., Круглова И.В., Моисеева Т.Ю. Истоки остеопороза взрослых лежат в детском возрасте // Лечение и профилактика. 2013; Том 5. №1. С.6-13.

16.     Borges J.L., Low C. Bone mass in children and adolescents // Arq. Bras. Endocrinol. Metabol. 2006. Vol. 50, N 4. рр.775-782.

17.     Clark E.M., Tobias J.H., Ness A.R. Association between bone density and fractures in children: a systematic review and meta-analysis // Pediatrics. 2006. Vol. 117, N 2. рр. 291-297.

18.     De Ridder A.M., van der Sluis I.M., van Slobbe J., Krenning E.P., Kaiser-Schrama S.M. Peak bone mineral density, muscle mass and bone fractures // J Pediatr Endocr Met. 2010; 46: 336-341.

19.     Goh S.Y, Aragon J.M, Lee Y.S, Loke K.Y. Normative data for quantitative calcaneal ultrasound in Asian children. Ann Acad Med Singapore. Calcifed Tissue International. 2011; 40 (2): 74-79.

20.     Halaba Z., Pluskiewicz W. The assessment of development of bone mass in children by quantitative ultrasound through the proximal phalanxes of the hand. Ultrasound Med Biol 1997; 23: 1331–1335.

21.     Jaworski M., Lebiedowski M., Lorenc R.S., Trempe J. Ultrasound bone measurement in pediatric subjects // Calcif Tissue Int 1995; 56: рр. 368–371.

22.     Khadilkar A.V., Sanwalka N.J., Chiplonkar S.A., Khadilkar V.V., Mughal M.Z Normative data and percentile curves for the dual-energy X-ray absorptiometry in healthy Indian boys and girls aged 5-17 years // Bone 2011; 48: 810-819.

23.     Magkos F, Manios Y, Babaroutsi E, Sidossis L.S. Quantitative ultrasound calcaneus measurements: normative data for the Greek population // Osteoporos Int. 2005 Mar; 16(3): рр. 280-8.

24.     Nagy J., Butt Z., Farouk F.B, Aamar A. The frequency of osteoporosis in an outpatient setting in Lahore using quantitative ultrasound heel // Pakistan Journal Medical 2013, the association; 63 (8): 965-968.

25.     Pinar Yesil, Berrini Durmaz, Funda Atamaz Normative data for quantitative heel ulrasonometrii in Turkish children aged 6 to 14 years: relations with stiffness index age of puberty, the physical characteristics and lifestyle // Journal of Ultrasound Med. 2013; 32 (7): 1191-7.

26.     Shaw N.J., Boivin C.M., Crabtree N.J. Intravenous pamidronate in juvenile osteoporosis // Arch. Dis. Child. 2000. Vol. 83. рр.143-145.

27.     Szadek L.L., Schärer K. identification, prevention and treatment of children with low bone mineral density // J Pediatr Nurs. 2014; 29 (5): 3-14.

28.     Tamayo J., Diaz R., Lazcano-Ponce. Eduardo reference values for areal bone mineral density in healthy Mexican population // Saludpublica de Mexico. 2009; 51: 56-83.

29. Teixeira Fortes C.M., Lederer Goldberg T.B., Kurokawa C.S., da Silva C.C., Moretto M.R., Biason T.P., Teixeira A.S., Carvalho Nunes H.R. Relationship between chronological and bone age and pubertal breast with bone biomarkers and bone mineral density in adolescents // Journal de Pediatria. 2014; 90 (6): 624-631.

Көрген адамдардың саны: 2262


Мақалалар санаты: Бастапқы зерттеу

Библиографиялық сілтемелер

Аманжолқызы А., Нургалиева Р.Е., Досимов Ж.Б., Балмаганбетова Ф.К., Альмаханова М.Ж. 12-18 жас аралығындағы Ақтөбе қаласы жас-өспірімдерінің остеоденситометрлік өлшемдері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №2. Б. 68-79.

Авторизируйтесь для отправки комментариев