СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ ЕМІНДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТ: МИНЕРАЛОКОРТИКОИДТЫ РЕЦЕПТОРЛАРДЫҢ АНТАГОНИСТЫ

Кіріспе. Мақалада, көптеген рандомизирленген зерттеулердің жүргізілу барысында алынған, альдостерон рецепторы антогонистерінің қолданылу нәтижелілігі мен қауіпсіздігі жөнінде дәлелдер келтірілген. Таңдамалы МКРАның клиникалық тәжірибеде алғашқы рет қолданылуы жөнінде ақпарат көрсетілген.

Зерттеу мақсаты: МКРА эплеренонның жүрек жеткіліксіздігі бар науқастардың функционалдық жағдайына, сол қарыншаның аластау фракциясының динамикасына және қан құрамындағы милық натриуретикалық пептидтің концентрациясына әсерін бағалау.

Материалдар мен әдістер: Зерттеу дизайны – клиникалық бақыланбайтын зерттеу. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысындағы клиникалық көріністерімен Семей қаласы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы № 2 кардиология бөліміне бөліміне жатқызылған науқастар арасынан, 30 науқас таңдап алынды. Осы уақытқа дейін қабылдаған терапияның көлемін толық талдағаннан кейін, науқастарға соңғы ұсыныстарға сәйкес эплеренон («Эпнон») препаратын 25 мг/тәулігіне бір рет, кейін төрт апта көлемінде тәулігіне 50 мгға дейін титрлеп толықтыру енгізілді. Нәтижелерді статистикалық өңдеу SPSS [3], version 20.0 бағдарламаларын қолданып, жүзеге асырылды. Жалпылама қабылданған көрсеткіштер есептелінді: орта арифметикалық көрсеткіш (М), медиана (Ме), мода (М0), 95% сенім интервалы (СИ 95). Зерттелінген өзгергіштіктер айырмашылығы сенімділігін негіздеу мақсатында Стьюдент коэффициенті (t) есептелінді. Салыстырылатын өзгергіштіктер арасындағы айырмашылық,  р<0,05 болғанда, сенімді деп табылды.

Нәтижелер мен қорытындылар: Зерттеуге 30 науқас қатыстырылды  (70 % ер адам және  30% әйел адам), науқастардың орта жасы – 57,9 ± 3,3 жас. Барлық науқастарда созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің NYHA бойынша III (56%) және IV (44%) функциялық класына сәйкес келетін жайылған клиникалық көріністер орын алды. Эхокардиография нәтижелерін бірінші рет талдағанда сол қарыншаның орташа аластау фракциясы 37,5 ± 2,7% көрсетті.  Милық натрий-уретикалық пептид  (BNP) таңдамалы түрде, науқастардың келісімімен анықталды, оның орташа көрсеткіші – 475,7 ± 3,9 пг/млге тең болды. Қайталап тексеру кезінде, сол қарыншаның орташа аластау фракциясы 45,4 ± 1,5%, қан плазмасындағы креатинин мен калийдың орташа мөлшері сәйкесінше 108 ± 2,1 мкмоль/л және 5,2 ± 0,9 ммоль/л тең болды.

Түйіндеме: Сонымен, МКРА СЖЖ заманауи терапиясының негізгі компоненті болып табылады. Зерттеу қорытындысы бойынша эплеренон дәрілік препараты СЖЖ декомпенсациясы кезінде науқастардың функционалдық жағдайының жақсаруында, сол қарыншаның аластау фракциясы көрсеткішін жоғарылатуда нәтижелілігін көрсетті.

Негізгі сөздер: жүрек жеткіліксіздігі, минералокортикоидты  рецепторлардың антагонисты, аластау фракциясы.

Людмила К. Каражанова 1, http://orcid.org/0000-0002-4719-6034

Мерхат Р. Насымбеков 2

Оксана В. Хайдарова 2

Андрей Ю. Орехов 1

Маржан М. Оспанова 1

 

1 Терапия бойынша интернатура кафедрасы,

Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті,

Семей қ., Қазақстан Республикасы;

2 Семей қаласы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы,

Семей қ., Қазақстан Республикасы.

Литература:

1.         Гиляревский C.Р., Орлов В.А., Кузьмина И.М., Голшмид М.В., Захарова Г.Ю., Синицина И.И. Доказательные основы применения эплеренона // Клиницист. 2012; Т 6, № 1. С. 81-85. http://klinitsist.abvpress.ru/Klin/article/view/75 (Дата обращения: 17.05.2017)

2.         Гегенава Б.Б., Драпкина О.М. Селективный антагонист минералокортикоидных рецепторов в кардиологической практике // Рациональная фармакотерапия в кардиологии. 2015. Т 11, № 2. С. 177-181. http://www.rpcardio.com/jour/article/view/146 (Дата обращения: 22.05.2017)

3.         Гржибовский А.М., Иванов С.В., Горбатова М.А. Описательная статистика с использованием пакетов статистических программ Statistica и SPSS // Наука и Здравоохранение. 2016. №1. С. 7-23.

4.         Гржибовский А.М., Иванов С.В. Когортные исследования в здравоохранении // Наука и Здравоохранение. 2015. № 3. С. 5-16.

5.         Гржибовский А.М., Иванов С.В. Поперечные (одномоментные) исследования в здравоохранении // Наука и Здравоохранение. 2015. № 2. С. 5-18.

6.         Каражанова Л.К. Диагностика и лечение хронической сердечной недостаточности // Наука и здравоохранение. 2012. №2. С. 33-38

7.         Мареев В. Ю., Фомин И. В., Агеев Ф. Т., Арутюнов Г. П., Беграмбекова Ю. Л., Беленков Ю. Н. и др. Клинические рекомендации. Хроническая сердечная недостаточность (ХСН) // Сердечная Недостаточность. 2017. Т 18. №1. С. 3–40

8.         Ponikowski P., Voors A., D. Anker S., Bueno H., Coats A., Falk V., Gonzаlez-Juanatey J., Harjola V., A. Jankowska E., Jessup M., Linde C., Nihoyannopoulos P., T. Parissis J., Pieske B., P. Riley J., M. C. Rosano G., M. Ruilope L., Ruschitzka F., H. Rutten F., van der Meer P. Рекомендации ESC по диагностике и лечению острой и хронической сердечной недостаточности. 2016 // Российский кардиологический журнал. 2017. № 1. С. 7-81.

9.         Ahmed A., Blackman M.R., White M., Anker S.D. Emphasis on abdominal obesity as a modifier of eplerenone effect in heart failure: hypothesis-generating signals from EMPHASIS-HF // European Journal of Heart Failure. 2017. May 30.

10.     Connell J. Aldosterone — the future challenge in cardiovascular disease? // The British Journal of Diabetes and Vascular Disease. 2004. № 4. pp. 370−376

11.     Davies J.O., Freeman R.H. Historical perspectives on the renin-angiotensinaldosterone system and angiotensin blockade // Journal of the American College of Cardiology. 1982. № 49. pp. 1385−1389

12.     Delcayre C., Swynghedauw B. Molecular mechanisms of myocardial remodeling: the role of aldosterone // Journal of Molecular and Cellular Cardiology. 2002. № 34. pp. 1577-1584.

13.     Ezekowitz J.A., McAlister F.A. Aldosterone blockade and left ventricular dysfunction: a systematic reviewof randomized clinical trials // European Heart Journal. 2009. № 30. pp. 469-477.

14.     Faiez Zannad, John J.V. McMurray, Henry Krum, Dirk J. van Veldhuisen, Karl Swedberg, Harry Shi, John Vincent, Stuart J. Pocock, and Bertram Pitt, for the EMPHASIS-HF Study Group. Eplerenone in Patients with Systolic Heart Failure and Mild Symptom // The New England Journal of Medicine. 2011. 1. pp. 11—21

15.     Fullerton M.J., Funder J.W. Aldosterone and cardiac fibrosis: in vitro studies // Cardiovascular Research. 1994. № 28. pp. 1863-1867.

16.     Hayashi M., Tsutamoto T., Wada A., et al. Immediate administration of mineralocorticoid receptor antagonist spironolactone prevents post-infarct left ventricular remodeling associated with suppression of a marker of myocardial collagen synthesis in patients with first anterior acute myocardial infarction // Circulation 2003. Vol. 107. pp 2559-2565

17.     Iraqi W., Rossignol P., Angioi M., et al. Extracellular cardiac matrix biomarkers in patients with acute myocardial infarction complicated by left ventricular dysfunction and heart failure: insights from the Eplerenone Post-Acute Myocardial Infarction Heart Failure Efficacy and Survival Study (EPHESUS) study // Circulation 2009. Vol 119. pp 2471-2479.

18.     Jessup M., Abraham W.T., Casey D.E., et al. 2009 Focused update: ACCF/AHA guidelines for the diagnosis and management of heart failure in adults: a report of the American College of Cardiology Foundation / American Heart Association Task Force on Practice Guidelines: developed in collaboration with the International Society for Heart and Lung Transplantation // Circulation 2009. Vol. 119. hh. 1977-2016.

19.     McKelvie R.S., Yusuf S., Pericak D., et al. Comparison of candesartan, enalapril, and their combination in congestive heart failure: Randomized Evaluation of Strategies for Left Ventricular Dysfunction (RESOLVD) pilot study // Circulation 1999. Vol. 100. pp. 1056-1064.

20.     Libby P., Bonow R.O., Mann D., Zipes D.P. Braunwald's Heart Disease: A Textbook of Cardiovascular Medicine. Eighth Edition. Philadelphia. 2008. Vol 2. pp 623

21.     Pitt B., Remme W., Zannad F., et al. Eplerenone, a selective aldosterone blocker, in patients with left ventricular dysfunction after myocardial infarction // The New England Journal of Medicine. 2003; Vol 348. pp. 1309-1321.

22.     Pitt B., Zannad F., Remme W.J., et al. The effect of spironolactone on morbidity and mortality in patientswith severe heart failure: Randomized Aldactone Evaluation Study Investigators // The New England Journal of Medicine. 1999. Vol 341. pp. 709-17.

23.     Pitt B., Williams G., Remme W., et al. The EPHESUS trial: eplerenone in patients with heart failure due to systolic dysfunction complicating acute myocardial infarction. Eplerenone Post-AMI Heart Failure Efficacy and Survival Study // Cardiovascular Drugs and Therapy. 2001. Vol. 15, №1. pp. 79-87.

24.     Swedberg K.1., Zannad F., McMurray J.J., et al. EMPHASIS-HF Study Investigators. Eplerenone and atrial fibrillation in mild systolic heart failure: results from the EMPHASIS-HF (Eplerenone in Mild Patients Hospitalization And SurvIval Study in Heart Failure) study // Journal of the American College of Cardiology. 2012. Vol. 59. № 18. pp. 1598-1603

25.     Zannad F., McMurray J.V., Krum H., et al. Eplerenone in Patients with Systolic Heart Failure and Mild Symptoms // The New England Journal of Medicine. Vol. 364. pp. 11-21.

Көрген адамдардың саны: 1872



Библиографиялық сілтемелер

Каражанова Л.К., Насымбеков М.Р., Хайдарова О.В., Орехов А.Ю., Оспанова М.М. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің еміндегі жаңа бағыт: минералокортикоидты рецепторлардың антагонисты / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №6. Б. 88-100.


Авторизируйтесь для отправки комментариев