АОРТА-МЫҚЫН СЕГМЕНТІ ОККЛЮЗИЯСЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІНІҢ АСҚЫНУЛАРЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Кіріспе. Заманауи қан тамыр хирургиясында аорта-мықын сегментінің (АМС) окклюзиясы өзекті мәселелердің біріне жатады. Науқаста АМС окклюзиясы анықталуы атеросклеротикалық үрдістің ауырлығын және таралғандығын көрсетеді, демек бірлескен окклюздеуші зақымдалулардың басқа да бассейндерге таралуының ықтималдығы жоғарылығын білдіреді. Бұл жағдайда өмірлік маңызды мүшелердің – жүрек пен бас миының артериалды арнасының зақымдалуы маңызды рөл ойнайды.

Зерттеу мақсаты: АМС окклюзионды зақымдалуларының өмірлік маңызды мүшелер жағынан асқыну предикторларын коррекциялаумен және коррекциялаусыз оперативті емінің нәтижелеріне салыстырмалы талдау жүргізу.

Материалдары және әдістері. Семей қ. ММУ УГ жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімшесінде 2010-2017 жылдар аралығындағы АМС окклюзивті зақымдалуы бар 107 науқастың хирургиялық емінің нәтижелеріне проспективті рандомизирленбеген клиникалық зерттеулер жүргізілді. Емдеу тактикасына байланысты науқастар 2 топқа бөлінді. 1-топты түскенде аяқтың критикалық ишемия клиникасы және гангренаға дейінгі қайтымсыз трофикалық бұзылыстар даму қаупі бар АМС окклюзиясының тұрақсыз ағымымен 59 науқас құрады. Сол себепті, бұл топтың науқастары асқыну предикторларын коррекциялаусыз шұғыл көрсеткіштер бойынша операцияланды. 2-топты көрсеткіштері болғанда коронарлы арнаның және ұйқы артерияларының алдын ала хирургиялық коррекциясы, жамбас бассейнінің реваскуляризациясы, бүйрек жетіспеушілігінің алдын ала коррекциясы жүргізілген 48 науқас құрады.

Сандық көрсеткіштерді қалыпты бөлу үшін орташа (М) және стандартты ауытқу (SD) ретінде ұсынылады. Сандық көрсеткіштерді қалыпты бөлу туралы заңға мойынсұну болмаған жағдайда,олар шашырау ретінде М – таңдаулы орташа, Me – медиана, Q1және Q3-төменгі және жоғарғы квартилдер түрінде ұсынылған.Сапалы деректер абсолютті сандар мен пайыздар түрінде берілген.Сандық деректерді талдауды бастамас бұрын олар қалыпты үлестірілу үшін тексерілді (Q-Q диаграммасы, асимметрия, 50 бақылауға дейін үлгілер үшін Шапиро-Виль критерийі және Колмогоров-Смирнов 50 байқаудан артық үлгілер үшін). Қалыпты үлестірімде сандық деректерді салыстыру үшін параметрлік критерийлер қолданылды (Student's t-критерийі, бірфакторлы дисперсионды талдау,) қарсы жағдайда басқаша параметрлік емес критерийлер пайдаланылды (Mann-Whitney, Kruskal-Wallis критерийлері). Сапалы белгілерді салыстыру үшін χ2 Пирсон , Фишердің дәл критерийі пайдаланылды. Өміршеңдік талдауы Kaplan-Meier әдісі мен Log-Rank статистикалық критерийі бойынша жүргізілді. Статистикалық маңызды айырмашылықтар критерийі p <0,05 деп қабылданды.

Зерттеу нәтижелері. Операциядан кейінгі 30-күндік кезеңдегі асқынулар 1-топтағы науқастарда 4 (6,8%) өлім жағдайына әкелді. Өлімге әкелген себептер жедел миокард инфарктісі (ЖМИ) - 1 (1,7%) науқас, жедел ми қанайналым бұзылысы (ЖМҚБ) – 1 (1,7%) науқас, жедел бүйрек жетіспеушілігі (ЖБЖ) – 1 (1,7%) науқас және полиорганды жетіспеушілік – 1 (1,7%) науқас болды. 2-топтағы науқастарда операциядан кейінгі ерте асқынулар дамушы полиорганды жетіспеушілігі бар 1 (2,1%) науқастың өлімінің себебі болды.

Қорытынды. Кардиалды және милық асқынулардың предикторларын алдын ала хирургиялық коррекциялау, бүйрек функциясы бұзылыстарын коррекциялау, жамбас қанайналымын реваскуляризациялау 30-күндік кезеңде де, 5-жылдық кеш кезеңде де жүйелі асқынулардың санын азайтуға, АМС окклюзиясы бойынша операцияланған науқастардың 30-күндік өлімділігін азайтуға ықпалын тигізеді.

Алтай А. Дюсупов, http://orcid.org/0000-0003-0875-1020, Бекжан С. Буланов,

Алмас А. Дюсупов, http://orcid.org/0000-0002-2086-8873, Мерей Н. Иманбаев,

Ажар А. Дюсупова, http://orcid.org/0000-0002-8857-4118, Бактыбала Б. Дюсупова

 

Семей қаласының Мемлекеттік Медицина университеті;

Қ. Семей, Қазақстан Республикасы

1.     Белов Ю.В., Комаров Р.Н. Тактика хирурги-ческого лечения мультифокальных стенотических поражений артериальных бассейнов // Хирургия. Журнал им. Н.И. Пирогова. 2007; 3: 60-64.

2.     Беспаев А.Т., Спиридонов А.А., Алекян Б.Г. с соавт. Принципы хирургического лечения атероскле-ротических сочетанных поражений брахиоцефальных артерий, брюшной аорты и артерий нижних конечностей // Анналы хирургии. 2003; 4: 45-50.

3.     Покровский А.В. Клиническая ангиология. – Москва: «Медицина», 2004. Том 2. С. 15-183.

4.     Сабодаш В.Б., Андреев В.В., Исагулов О.В. с соавт. Осложнения реконструктивных операций на абдоминальной аорте и артериях нижних конечностей в возрастном аспекте // Атеросклероз и дислипидэмии. 2013. № 2. С 52-55.

5.     Assaad M., Tolia S., Zughaib M. Leriche syndrome: the inferior mesenteric artery saves the lower extremity // SAGE Open Medical Case Reports. 2017; 5: 2050313x17740513.

6.     Bredahl K., Jensen L.P., Schroeder T.V. et al. Mortality and complications after aortic bifurcated bypass procedures for chronic aortoiliac occlusive disease // Journal of Vascular Surgery. 2015. Volume 62(1). P.75-82.

7.     Lucas M.L., Deibler L., Erling Jr. N et al. Surgical treatment of chronic aortoiliac occlusion // J Vasc Bras. 2015. Volume 14(1). P. 29-36.

8.     Norgreen L., Hiatt W.R., Dormandy J.A. et al. Inter-Society Consensus for the Management of Peripheral Arterial Disease (TASC II) // Journal of Vascular Surgery. Volume 45. №1 (S). P.63.

 

References:

1.     Belov Yu.V., Komarov R.N. Taktika khirurgicheskogo lecheniya mul'tifokal'nykh stenoticheskikh porazhenii arterial'nykh basseinov [Tactics of surgical treatment of multifocal stenotic lesions of the arterial pools]. Khirurgiya. Zhurnal im. N.I. Pirogova [Surgery. Journal them. N.I. Pirogov]. 2007; 3: 60-64. [in Russian].

2.     Bespaev A.T., Spiridonov A.A., Alekyan B.G. s soavt. Printsipy khirurgicheskogo lecheniya ateroskleroticheskikh sochetannykh porazhenii brakhiotsefal'nykh arterii, bryushnoi aorty i arterii nizhnikh konechnostei [Principles of surgical treatment of atherosclerotic combined lesions of the brachiocephalic arteries, abdominal aorta and lower limb arteries]. Annaly khirurgii [Annals of surgery]. 2003; 4: 45-50. [in Russian].

3.     Pokrovskii A.V. Klinicheskaya angiologiya [Clinical angiology]. Moskva: «Meditsina» [Moscow: "Medicine"]. 2004. V 2. pp. 15-183. [in Russian].

4.   Sabodash V.B., Andreev V.V., Isagulov O.V. s soavt. Oslozhneniya rekonstruktivnykh operatsii na abdominal'noi aorte i arteriyakh nizhnikh konechnostei v vozrastnom aspekte [Complications of reconstructive operations on the abdominal aorta and arteries of the lower extremities in the age aspect]. Ateroskleroz i dislipidemii [Atherosclerosis and dyslipidemia]. 2013. № 2. pp. 52-55. [in Russian].

5. Assaad M., Tolia S., Zughaib M. Leriche syndrome: the inferior mesenteric artery saves the lower extremity. SAGE Open Medical Case Reports. 2017; 5: 2050313x17740513.

6. Bredahl K., Jensen L.P., Schroeder T.V. et al. Mortality and complications after aortic bifurcated bypass procedures for chronic aortoiliac occlusive disease. Journal of Vascular Surgery. 2015. Volume 62(1). P.75-82.

7. Lucas M.L., Deibler L., Erling Jr. N et al. Surgical treatment of chronic aortoiliac occlusion. J Vasc Bras. 2015. Volume 14(1). P. 29-36.

8. Norgreen L., Hiatt W.R., Dormandy J.A. et al. Inter-Society Consensus for the Management of Peripheral Arterial Disease (TASC II). Journal of Vascular Surgery. Volume 45. №1 (S). P.63.

Көрген адамдардың саны: 2331


Библиографиялық сілтемелер

Дюсупов Алт.А., Буланов Б.С., Дюсупов Алм.А., Иманбаев М.Н., Дюсупова А.А., Дюсупова Б.Б. Профилактика осложнений хирургического лечения больных с окклюзией аорто-подвздошного сегмента // Наука и Здравоохранение. 2018. 6 (Т.20). С. 81-89.

Dyussupov Alt.A., Bulanov B.S., Dyussupov Alm.A., Imanbayev M.N., Dyussupova A.A., Dyussupova B.B. Prevention of complications of surgical treatment of patients with occlusion of aorta-iliac segment. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 6, pp. 81-89.

Дюсупов Алт.А., Буланов Б.С., Дюсупов Алм.А., Иманбаев М.Н., Дюсупова А.А., Дюсупова Б.Б. Аорта-мықын сегменті окклюзиясы хирургиялық емінің асқынуларының профилактикасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 81-89.

 

 


Авторизируйтесь для отправки комментариев