Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАСТАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ДӘРІГЕРЛЕР: ДӘРІГЕРЛІК КАДРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІН БАҒАЛАУ МОДЕЛІ
Өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында зейнетақы жасы, әйелдер үшін 58 жас және (2027 жылы - 63 ж), сондай-ақ ерлер үшін - 63 жас болып табылады. Бүкіл әлемде көптеген дәрігерлер зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін жұмыс істеуді жалғастыруда, бұл сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау саласында да алаңдаушылық туғызуда. Мақсаты. Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстанның мемлекеттік денсаулық сақтау секторында жұмыс істейтін дәрігерлердің жас құрылымын талдау, сонымен қатар орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамда дәрігер қызметкерлерінің жетіспеушілігінің туындау қауіпін және дәрігерлік кадрлардың жас тепе-теңсіздігін бағалау үшін үлгі (моделін) ұсыну болып табылады. Әдістер мен материалдар. Біз 2017 жылы дәрігерлердің ұлттық және өңірлік жас құрылымын талдап, оларды үш жас тобына бөлдік: <30 жас, 31-55 жас және> 55 жас. Статистикалық мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінен алынды. Нәтижелер. Жалпы, 2017 жылы елде 54 405 тәжірибелі дәрігер болған. Оның 677-і (1,2%) 2017 жылы зейнеткерлікке шықты, бұл қайтарусыз кетудің 80% құрайды. Бағалауларға сәйкес, 2018 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде зейнетке шығуға тиісті дәрігерлер саны 5500 адамды (10%) құрайды. Жұмыс істеуді жалғастырушы зейнеткерлік жастағы дәрігерлердің ең үлкен үлесі Қостанай облысында: 25% (1723-дің 426-ы), ал ең төмен үлесі Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеді: 5% (7 922-дің 364-і). Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау жүйесінде зейнетке шыққаннан кейін 65 жастан асқан 2146 дәрігер және 75 жастан асқан 211 дәрігер жұмыс істеді, олардың көпшілігі (28%) Алматы қаласында жұмыс істеді. Ресми түрде 2017 жылдың соңына қарай дәрігерлік кадрлардың ұлттық тапшылығы 3 011 адамды құрады, бірақ зейнеткерлікке шыққаннан кейін жұмыс істейтін дәрігерлердің санын ескере отырып, бұл көрсеткіш кем дегенде екі есе жоғары. Тұжырымдар. Ұсынылған бағалау моделі, жағдайды жекелеген өңірлер мен мамандықтар деңгейінде бағалауға мүмкіндік береді. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облысында бар ұдайы өндірудің прогрессивті түрі неғұрлым қолайлы болып табылады. Ұдайы өндірудің регрессивті түрі және зейнеткерлік жастағы жұмыс істейтін дәрігерлердің үлесі жоғары өңірлерге ерекше назар аудару қажет: Қостанай облысында – 25%, Атырау облысында – 19%.
1. Barber P., López-Valcárcel B.G. Forecasting the need for medical specialists in Spain: application of a system dynamics model // Human Resources for Health, 2010. 8(1), 24. https://doi.org/10.1186/1478-4491-8-24 (accessed 28.10.2019) 2. Chankova S., Muchiri S., Kombe G. Health workforce attrition in the public sector in Kenya: a look at the reasons // Human Resources for Health, 2009. 7(1), 58. https://doi.org/10.1186/1478-4491-7-58 (accessed 24.10.2019) 3. Fletcher S.L., Schofield D.J. The impact of generational change and retirement on psychiatry to 2025 // BMC Health Services Research, 2007. 7(1), 141. https://doi.org/10.1186/1472-6963-7-141 (accessed 24.10.2019) 4. Global strategy on human resources for health: Workforce 2030. 2016. Retrieved from https://apps.who.int/iris/bitstream/handle/10665/250368/9789241511131-eng.pdf (accessed 16.10.2019) 5. Lobo-Prabhu S.M., Molinari V.A., Hamilton J.D., Lomax J.W. The Aging Physician With Cognitive Impairment: Approaches to Oversight, Prevention, and Remediation // The American Journal of Geriatric Psychiatry, 2009. 17(6), pp.445–454. https://doi.org/10.1097/JGP.0B013E31819E2D7E (accessed 16.10.2019) 6. Orkin F.K., McGinnis S.L., Forte G.J., Peterson M.D., Schubert A., Katz J.D., Garfield J.M. United States Anesthesiologists over 50 // Anesthesiology, 2012. 117(5), 953–963. https://doi.org/10.1097/ALN.0b013e3182700c72 (accessed 18.10.2019) 7. Pagaiya N., Phanthunane P., Bamrung A., Noree T., Kongweerakul K. Forecasting imbalances of human resources for health in the Thailand health service system: application of a health demand method. Human Resources for Health, 2019. 17(1), 4. https://doi.org/10.1186/s12960-018-0336-2 (accessed 01.11.2019) 8. Peisah C., Gautam M., Goldstein M.Z. Medical masters: A pilot study of adaptive ageing in physicians . Australasian Journal on Ageing, 2009. 28(3), 134–138. // https://doi.org/10.1111/j.1741-6612.2009.00369.x (accessed 01.11.2019) 9. Roberfroid D., Leonard C., Stordeur S. Physician supply forecast: better than peering in a crystal ball? // Human Resources for Health, 2009. 7(1), 10. https://doi.org/10.1186/1478-4491-7-10 (accessed 18.10.2019) 10. Silver M.P., Hamilton A.D., Biswas A., Warrick N.I. A systematic review of physician retirement planning // Human Resources for Health, 2016. 14(1), 67. https://doi.org/10.1186/s12960-016-0166-z (accessed 23.10.2019) 11. Silver M.P., Hamilton A.D., Biswas A., Warrick N.I. A systematic review of physician retirement planning // Human Resources for Health, 2016. 14(1), 67. https://doi.org/10.1186/s12960-016-0166-z (accessed 02.11.2019) 12. WHO | Global health workforce shortage to reach 12.9 million in coming decades. WHO. 2014. Retrieved from https://www.who.int/mediacentre/news/releases/2013/health-workforce-shortage/en/ (accessed 24.10.2019) 13. Young P., Smith C., Pettigrew L., Seo H.N., Blane D. International work and leadership in UK general practice // Leadership in Health Services, 2014. 27(2), 87–103. https://doi.org/10.1108/LHS-01-2013-0003 (accessed 18.10.2019) 14. Zurn P., Dal Poz M.R., Stilwell B., Adams O. Imbalance in the health workforce // Human Resources for Health, 2004. 2(1), 13. https://doi.org/10.1186/1478-4491-2-13 (accessed 02.11.2019)
Көрген адамдардың саны: 293

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Кырыкбаева С.С., Семенова Ю.М., Горемыкина М.В., Даулетьярова М.А., Наурызбаева А.А. Қазақстан республикасында зейнеткерлік жастағы жұмыс істейтін дәрігерлер: дәрігерлік кадрлық ресурстардың болашақтағы тапшылығының қауіптілігін бағалау моделі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2020. 2 (Т.22). Б. 128-134. DOI 10.34689/SH.2020.22.2.015

Авторизируйтесь для отправки комментариев