Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
УАҚЫТЫНАН ЕРТЕ ТУУДЫҢ ЖАҢА КӨЗҚАРАСТАРЫ
Автор (лар): Жұмақанова К.С.

Уақытынан ерте туу қазіргі заманғы гинекология және перинатология саласының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені шала туған балалар перинатальды ауру мен өлімнің 60-70% және балалар арасындағы мүгедектіктің басым бөлігін құрайды Бұл мәселе шала тууды ерте диагностикалау жаңа заманауи әдістерді енгізуді талап етеді. Ерте туудың себеп салдарын зерттеу барысында оның басты предикторларын да іздестіру маңызды. Бүгінгі күнде ерте тууды болжайтын әдістердің және биомаркерлердің сезімталдығы 40-60% болғандықтан ерте туудың тең жартысын болжау және оның алдын алу мүмкін болмай тұр.

Казіргі таңда ғалымдар назарына жасушалық-молекулярлы деңгейдегі диалогтар: яғни әйел ағзасындағы бластоцистердің инвазиясы кезеңінен бастап, босану уақытына дейінгі өзгерістер барысы ілінді. Ана, плацента және ұрық арасындағы өзара иммунды байланыс негізгі аспект болып саналады. Акушерлік істе молекулярлы-биологиялық әдістерді қолдану ерте туудың патогенетикалық механизмін тереңнен зерттеуге мүмкіндік берді. Адам ағзасының иммунды реактивтілігінің бұзылысы ерте туудың 50% құрайтындығын зерттеулер нәтижесі дәлелдеп отыр. Мақалада спонтанды ерте туу әрекетіне зор ықпал ететін цитокиндер туралы мәліметтер көрсетілген. Инновациялық, иммунологиялық, биохимиялық және генетикалық тестерді тәжірбиеде қолдану уақытынан ерте тууды қаупін ерте және нақты бағалауда өз жемісін беруде.

Көрген адамдардың саны: 1331


Мақалалар санаты: Әдебиеттерге шолу

Библиографиялық сілтемелер

Жумаканова К. С. Современные взгляды на преждевременные роды / / Наука и Здравоохранение. 2015. № 2. С. 39-49. Zhumakanova K. S. The modern view premature birth. Nauka i Zdravoohranenie [Science & Healthcare]. 2015, 2, pp. 39-49. Жұмақанова К. С. Уақытынан ерте туудың жаңа көзқарастары / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 2. Б. 39-49.

Авторизируйтесь для отправки комментариев