60Co ӘСЕРІНЕ ҰШЫРАҒАН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ӘР ТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ ҰРПАҒЫНЫҢ ЖІҢІШКЕ ІШЕК ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНДЕГІ ЭНЕРГИЯ АЛМАСУ ҮРДІСІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ
Шағын дозадағы (0,2 Гр) гамма-сәуленің әсеріне ұшыраған егеуқұйрықтардың 1-ші ұрпағының 2, 5 және айлық ұрпақтарының жіңішке ішек лимфа түйіндерінде энергиялық алмасу ферменттері - сукцинатдегидрогеназа мен цитохромоксидаза белсенділігін анықтау. Эксперименттік зерттеу радиация әсеріне ұшыраған ақ түсті егеуқұйрықтардың аталық пен аналық жынысты ұрпақтарына жасалды. Тәжірибенің мәні гамма-сәуле әсерінен ұшыраған және интактты егеуқұйрықтар ұрпақтарының 2, 5 және 10 айлық ұрпақтарының жіңішке ішек лимфа түйіндеріндегі энергия алмасу жағдайы зерттелді. Жануарларды сәулелендіру «Терагам» атты чехиялық радиотерапиялық қондырғысында радиобелсенді элементі 60Co гамма-сәулелерімен жүргізілді. Ол үшін тәжірибелік жануарларды сәулелендіруге Б.А.Жетпісбаев пен авторлармен ұсынылған әдісі бойынша топометриялық-дозиметриялық дайындығы өткізілді. Тәжірибелік жануарлардың жіңішке ішек лимфатүйіндері гомогенаттарында сукцинат-дегидрогеназа белсенділігі С.О. Тапбергенов әдісімен (1971) анықталды және 1 мл нәруызға тотықсыздандырылған тетразольдің нм/сек көрсетілді. Цитохромоксидаза Р.С. Кривченкова әдісі (1974) бойынша анықталды. Алынған зерттеу нәтижелері SPSS бағдарламасы бойынша өңделді. Салыстыру t-Стьюдент критерийі бойынша жүргізілді.
Жүргізілген тәжірибемізге сай тәжірибелі егеуқұйрықтардың ішек лимфа түйіндерінде 2 және 5 айлықтағы егеуқұйрықта өзгеріссіз қалды, р>0,05. Шағын дозадағы иондаушы сәуле әсеріне ұшыраған жануарлардың 1-ші ұрпақтарындағы 10 айлық тәжірибелі егеуқұйрықтардың жіңішке ішек лимфа түйіндерінде СДГ белсенділігі нақты түрде 20,13%-ға белсенділігі кемігені белгілі болды (р<0,05).
Сонымен, зерттеуге алынған жіңішке ішек лимфа түйіндерінде энергиялық алмасу үрдісіндегі СДГ және ЦХО ферменттерінің белсенділігі 0,2 Гр дозадағы гамма-сәулесін алған егеуқұйрықтардан туылған 2 және 5 айлықтағы егеуқұйрықтарда тежелу үрдісі байқалса, 10 айлықтағы тәжірибелік топ егеуқұйрықтарында нақты түрде тежелгені анықталды.