ҚАЗАҚ ПОПУЛЯЦИЯСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕРДІҢ ШЕШІЛУІНЕ IL-10 ГЕН ПОЛИМОРФИЗМІНІҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ: ЖАҒДАЙДЫ-БАҚЫЛАУ ЗЕРТТЕУІ
Зерттеу мақсаты. Қазақ популяциясындағы бауыр циррозы даму қауіпі бар созылмалы вирусты гепатиттермен науқастанған адамдарда IL10 (rs1800872) цитокин генінің полиморфизмін бағалау.
Материалдар мен әдістер. Барлығы 652 науқастарды зерттедік. 90 адам вирусты этиологиялы бауыр циррозы диагнозымен (БЦ), 296 адам созылмалы вирусты гепатит В және/немесе вирусты гепатит С диагнозымен, 266 адам анамнезінде бауыр зақымдалуы жоқ (HBV және HCV-инфекциялары теріс) бақылау тобынан. IL10 (rs1800872) полиморфизмін Real-time PCR әдісімен генотиптеу жүргіздік.
Нәтижелері. А аллелінің кездесуі бауыр циррозы (ШҚ=1,44, 95% СИ 1,14 –1,82, p=0,002) және созылмалы вирусты гепатиттері (ШҚ=1,56, 95% СИ 1,11 – 2,19, p=0,01) бар адамдарда бақылау тобындағы адамдарға қарағанда біршама жоғары. Сонымен қатар АА және АС генотиптерінің кездесуі бауыр циррозы (ШҚ=2,38, 95% СИ 1,27 – 4,45, p=0,006) және созылмалы вирусты гепатиттері (ОШ=2,10, 95% ДИ 1,41 –3,13, p<0,001) бар адамдарда бақылау тобындағы адамдарға қарағанда біршама жиі. Сонымен, А аллелі мен АА және АС генотиптері қазақ популяциясы арасында бауырдың созылмалы вирусты сырқаттары дамуымен байланысты.
Қорытынды. Өткізілген зерттеу IL10 rs1800872 генінің полиморфизмі қазақ популяциясы арасында вирусты этиологиялы бауыр циррозы мен созылмалы вирусты гепатиттің дамуында маңызды рөл атқаратынын көрсетті.
Көрген адамдардың саны: 599
Мақалалар санаты:
Әдебиеттерге шолу
Библиографиялық сілтемелер
Масабаева М. Р., Аукенов Н. Е., Бабенко Д. Б., Азизов И. С., Маукаева С. Б., Токаева А. З.,Хамитова М. О. Қазақ популяциясындағы созылмалы вирусты гепатиттердің шешілуіне IL-10 ген полиморфизмінің әсерін бағалау: жағдайды-бақылау зерттеуі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 6. Б. 67-76.Ұқсас жариялымдар:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW