Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
5 - ФУ-МЕН БАЙЫТЫЛҒАН ХИТОЗАН ҚАБЫҚШАЛАРЫН ИНТРОВИТРЕАЛЬДЫ ЕНГІЗГЕННЕН КЕЙІНГІ КӨЗІШІЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА ТАЛДАУ
Мұрааттағы мақалаларды қарау
Кіріспе. Пролиферативті витреоретинопатияны (ПВР) емдеу - офтальмохирургия әлеміндегі аса қиын және маңызды мәселе. Заманауи сатыда интравитреальды араласулар кезінде қолданылатын әр-турлі тасымалдаушы-имплантанттардағы антипролиферативті агенттерді қолдану бойынша жаңа мүмкіндіктер анықталды. Цитостатиктер кең қолданысқа енді, соның ішінде 5-фторурацил (5-ФУ). Сонымен қатар, қабынуға қарсы қабілеті бар, жоғары биосәйкестілікке ие, жасушалар мен тіндердің қайта қалпына келу үрдісін жақсартатын және ағзада толық ыдырап, сіңетін хитин мен хитозан негізінде жасалған препараттарға мамандардың қызығушылығы артуда. Зерттеудің мақсаты 0,05 және 0,1 мл 5-ФУ-мен байытылған, хитозан қабықшаларын интровитреальды енгізгеннен кейінгі көзішілік құрылымдардың жағдайын тәжірибе барысында талдау болатын. Материалдар мен әдістер. Тәжірибелік зерттеу салмағы 2,5 нан 3,5 кг дейінгі 12 қоянға жүргізілді. Тәжірибелік жануарлардың көздері 3 топқа бөлінді. 5-ФУ (0,1мл) емдік мөлшері мен емдік мөлшерден 2 есе аз (0,05 мл) мөлшер салыстырылды. Бақылау тобын 19 G пышағымен интровитреальды жараланған 6 көз құрады. Негізгі және бақылау топтарындағы көз құрылымдарының гистологиялық көрінісінің салыстырмалы сипаттамасы 7-і, 14-і және 28-і тәуліктерде жүргізілген көз алмасының энуклеациясынан кейін жүзеге асырылды. Нәтижелері. 5-ФУ мен байытылған хитозан қабықшаларының көз құрылымдарына әсерін зерттеу кезінде, екі негізгі топта да макроскопиялық өзгерістер 7 тәуліктен 28 тәуліккке дейін тіркелген жоқ. Әр түрлілік энуклеацияланған көздерді гистологиялық зерттеу кезінде тіркелді. Екі негізгі топта да қабыну үрдісінің жоқтығы, дәнекер тіндік қабықша мен макрофагтардың түзілмеуі тіркелді. Улылығы бірінші және екінші негізгі топта да морфологиялық тұрғыдан анықталған жоқ (ішкі шекаралық мембрана лизиске ұшырамаған). Екінші негізгі топта қабыну мен дәнекер тінінің дамуынсыз, операция кезінде қан тамырдан шыққан эритроциттердің лизиске ұшырауы жылдамырақ жүреді. Бірінші негізгі топта әлсіз пролиферативті активтілік тіркелді, ал екінші топта байқалмайды. Қорытынды. Сонымен, морфологиялық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 5-ФУ мен байытылған 0,05 және 0,1 мл мөлшердегі хитозан қабықшасын интровитреальды енгізуден кейінгі токсикалық әсері тіркелген жоқ. 5-ФУ мен байытылған 0,05 мл хитозан қабықшаларын енгізу кезінде бірқатар пролиферативті активтілік анықталды.
Көрген адамдардың саны: 527

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Ботабекова Т. К., Байырханова А. О., Енин Е. А., Семёнова Ю. М., Кампик A. 5 - ФУ-мен байытылған хитозан қабықшаларын интровитреальды енгізгеннен кейінгі көзішілік құрылымдардың жағдайын тәжірибе барысында талдау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 6. Б. 133-146.

Авторизируйтесь для отправки комментариев