ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУІ КЕЗІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мақалада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі кезіндегі кәсіби құзыреттерінің қалыптасуын зерттеуге арналған. Зерттеуді бастау үшін автор әлеуметтік жұмысқа денсаулық сақтау саласындағы берік білімді талап ететін күрделі үдеріс деп анықтама берген, оның тиімділігі әлеуметтік қызметкердің өзіне, оның іскерліктері, тәжірибесі, жеке ерекшеліктері мен сапаларына тәуелді болады.
Осы мақалада мақсат пен міндеттер белгіленген, социологиялық зерттеу әдістері анықталған. Автор денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыреттерінің қалыптасу мәселесі бойынша отандық және шетел әдебиеттеріне талдау жасаған. Социологиялық зерттеуді жүргізу мақсатында Астана қаласының медициналық мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлер үшін компьютермен өңделетін сауалнама әзірленді. Таңдалған әдіс көмегімен автор зерттелуші мәселе туралы көрнекі ақпарат алды.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде түрткілердің денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі кезіндегі еңбегінің нәтижелілігі мен кәсіби құзыретіне ықпал ету дәрежесі зерделенді. Пікіртерім барысында денсаулық сақтау жүйесінде жұмысты бастау үшін негізгі түрткілер белгіленді. Ол дегеніміз кәсіби қалыптасу ұмтылысы және күн көруге ақша табу қажеттілігі. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерді уәждеудің материалдық және материалдық емес әдістері сияқты түсініктер, сондай-ақ олардың денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыретіне ықпал етуі зерттелді.
Автор уәждеуші факторлардың ықпалын 1-ден 5-ке дейінгі шәкіл бойынша балдық баға кестесінің көмегімен бағалады. Ақшалай және ақшалай емес түрткілердің әлеуметтік қызметкердің еңбек нәтижелілігіне ықпал ету нәтижелері көрсетілген. Автор Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі кезіндегі негізгі және кәсіби құзыреттерінің үлгісін әзірлеуге талпынып көрді. Әлеуметтік қызметкердің құзыреттерін бағалау мен дамытудың үлгісінің төрт кезеңі егжей-тегжейлі белгіленген. Әзірленген үлгі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерлерді бағалауға, дамытуға және уәждеуге көметесетін болады. Ақыр аяғында бұл олардың еңбек нәтижелілігін арттыруға көмегін тигізеді.
Автор қорытындыда әлеуметтік қызметкердің кәсіби құзыретін, еңбегінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру үшін тәжірибелік ұсынымдар берді. Бұл ұсынымдар: уәждеудің материалдық және материалдық емес әдістерін дамыту, "күйіп кету синдромының" алдын алу үшін конференциялар, семинарлар, тренингтерге қатысу, ұжымда жайлы психологиялық ахуал туғызу.
Көрген адамдардың саны: 580
Мақалалар санаты:
Біртума зерттеулер
Библиографиялық сілтемелер
Тұрсынбекова Ж. Д. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі кезінде кәсіби құзыреттерінің қалыптасуы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 6. Б. 147-158.Ұқсас жариялымдар:
ОРТА ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ДЕНЕ САЛМАҒЫ ИНДЕКСІ МЕН СҮЙЕКТІҢ МИНЕРАЛДЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
САРКОИДОЗ ЖӘНЕ ӨКПЕ ТУБЕРКУЛЕЗІ КЕЗІНДЕГІ ГРАНУЛЕМАТОЗДЫ ҚАБЫНУДЫ КЛИНИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОМЕТРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
БЕЛСЕНДІ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДА БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БОЙЫНША АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
ИНСУЛИНГЕ ТӨЗІМДІЛІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ІШЕК МИКРОБИОМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ