ӨНДІРІСТІК ХРИЗОТИЛ ҚҰРАМДЫ ШАҢНЫҢ ӘСЕРІНЕН ӨКПЕДЕГІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
Тыныс алу мүшелері атмосфералық ауамен тығыз қатынаста болуы әсерінен өкпеге әр түрлі (газ, тұман, түтін, шаң және басқа да аэрозольдар)зиянды заттардың түсуіне ықпал етеді. Қазіргі таңда өндірісте осы факторлардың ішінде ең негізгісі шаң болып табылады және өкпе дисфункциясына әкеледі.
Бронх - өкпе жүйесін морфологиялық зерттеу әдісі зиянды заттардың патогенді қасиетін бағалаудың критериі болып саналады. Бұл әдіс өндірістік шаңдарды гигиеналық нормалауда қолданылады.
Соңғы жылдарда шаң әсерінен пайда болатын кәсіби аурулардың санының өсуі байқалуда. Хризотил шаңының жекелей әсерімен салыстырғанда, басқа факторлармен бірігіп әсер еткенінде оның патогенді қасиеті біршама жоғарылай түседі.
Қазіргі таңда хризотилді пайдалану – аса өткір әлемдік мәселе.