ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАНАЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕСІ
Кіріспе. Көптеген дамыған мемлекеттерде қанайналымы жүйесі аурулары (ҚЖА) тұрғындардың өлім – жітім құрылымында ең жоғары рангілік орын алуда, мүгедектіліктің негізгі себебі болып табылады, ал олардың алдын алу сұрағы тек қана медициналық емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселе болып табылады.
Қазақстан халқының арасында және атап айтқанда Шығыс Қазақстан аумағында, жалпыдүниежүзілік көрсеткіштермен салыстырғанда қанайналымы жүйесі ауруларының құрылымын, өлім –жітім көрсеткіштерін және таралуын талдау зерттеу мақсаты болып табылады.
Әдістері. Қазақстандық статистикалық жинақтардан, сол сияқты “PubMed”", “Cochranelibrary”, “ResearchGate” жүйе мәліметтерінің іздестіру базаларын пайдаланумен дүниежүзілік статистикалық мәліметтерді ресми ақпараттарды қолданумен қанайналымы жүйесі ауруларының өлім – жітім және таралуы көрсеткіштерін, демографиялық жағдайды сипаттайтын статистикалық мәліметтерге дескрептивті талдау.
Нәтижелері. Қазақстан халқының жалпы өлім – жітім құрылымында ҚЖА-дан өлім – жітім 52,8% құрайды. Бұл көрсеткіш басты-басты екі себептермен анықталады - ЖИА және цереброваскулярлы аурулармен, ҚЖА – дан өлім – жітім құрылымындағы оның үлесі жалпы тиісінше 47,7% және 36,4% құрайды. 2013 жылы Қазақстандағы ҚЖА – дан өлім – жітім көрсеткіші 100,000 шаққанда 256.76 құрады; Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) ол ең жоғарғылардың бірі болды - 100,000 шаққанда 361.44. Ауылдық аумақтарда ол қалаларға қарағанда көбінесе төмен: 100,000 шаққанда 203.63; ШҚО - 403.7. ҚЖА таралу көрсеткіші 100,000 шаққанда 2463.1, әйелдерде - 100,000 шаққанда 2612.5 болды. Қазақстанда жалпы артериалды гипертониямен аурушаңдық 100,000 шаққанда 1172.5 құрады (әйелдерде - 1352.3); ШҚО - 100,000 шаққанда 1084.6 (әйелдерде - 1548.0), ЖИА - 100,000 шаққанда тиісінше 507.4 және 519.8.
Тұжырымдар Қазақстанда, дамыған елдерге қарағанда ҚЖА өлім – жітім және аурушаңдық көрсеткіштері 3-4 ретке жоғары, ол алдын алу бағдарламаларын енгізуді талап етеді.