ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ЕМДЕУ САПАСЫН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ – БАҒДАРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ: СУЫҚ ПОЛИМЕРИЗАЦИЯСЫ АКРИЛДІК ПЛАСТМАССАЛАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ- МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ
Кіріспе. Тіс протездерін қалпына келтіру мен жөндеу, уақытша протездерді, пародонтоз кезіндегі шиналар, модельдер және б. жасау үшін стоматологияда суық қатыру пластмассалары пайдаланылады. Алынып салынатын протезді даярлау көптеген кезеңдерден тұрады. осылардың біріншісі – бедерді түсіріп алу, содан кейін тістехникалық зертханада технологиялық кезеңдер қатарынан тұрады. Осыларға жатады модельді алу, тістерді қою, воскілік модельді жасау, тістехникалық кюветте гипстік форманы жасау және алып тастау, воскіні қайнату, сосын тіс протездері немесе базистік материалмен жасау үшін материалмен форманың алынған кеңістігін толтыру.
Зерттеу мақсаты. Тіс протездерін жасаудың клиникалық-бағдарлы технологиясын ескере отырып, стоматологиялық пациенттерді ортопедиялық емдеу сапасымен қамтамасыз ету үшін суық полимеризациясының акрилдік пластмассалардың физикалық- механикалық қасиеттерін салыстырмалы бағалау өткізілген болатын.
Нәтижелері. Суық полимеризациясы пластмассалардың физикалық- механикалық зерттеулері мынадай параметрлер бойынша зерделенді: қысу кезінде иілетін кернеудің деформациясы, соққы беруші жабысқақтық, үгілуге қарсылық, қалдық мономердің пайызы, 360 тәжірибелік үлгілердегі судың сіңуі. Зерделенген қасиеттердің жалпы талдауы суық полимеризациясы пластмассаларынан әрбіреуі үшін арнайы квалиметрикалық профилдің болуы туралы куәлендіреді.
Тұжырымдар. Сонымен, белгілі болғандай суық полимеризациясының акрилдік пластмассалары тіс протездерін қалпына келтіру мен жөндеу үшін, уақытша протездерді, пародоноз кезіндегі шиналар, модельдер және жеке қасықтар және б. жасау үшін материал ретінде дәрігер-стоматолог-ортопед тәжірибесінде кеңінен қолданылады, сондықтан олардың физикалық - мехнаникалық қасиеттерін зерделеу мен талдау ортопедиялық емдеудің қажеттіліктерін тиісінше қанағаттандыру үшін нақты клиникалық жағдайда қажетті материалды түсінуге және қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ осындай материалды қолдану кезінде осы аспектіде полимеризация тәртіптерінен бас тарту ғана емес, қажетті болып табылады.