Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУНІҢ НӘТИЖЕЛІ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ӘДІСТЕУ)
Автор (лар): Даутбаева Г.Р.

Кіріспе. Кадрлық ресурстар жоғары әлеуметтік және экономикалық ықпал тудыра отырып, денсаулық сақтау саласының дамуы мен қызметінде түбегейлі рөл атқарады. Медициналық жоғары оқуорындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу денсаулық сақтау жүйесінің өңірлік ерекшеліктеріне, әлеуметтік инфрақұрылым деңгейіне, орындарда қаржының және психологиялық қолдаудың болуына, кадрлық ресурстар мониторингі жүйесінің болуына байланысты.

Мақсаты. Денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлық саясат және саланы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету саласында тиімді ынтымақтастықты, жергілікті атқарушы органдардың, медициналық жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша әрекеттестігінің анағұрлым ұтымды әдістерін әзірлеуді іздестіру.

Әдістері. 2013-2014 жж. Кезеңге жұмыс берушілердің университет түлектерінің біліктілігін бағалау бойынша 300 сауалнама және жас мамандардың еңбек жағдайларына қанағаттанушылықтары туралы 78 сауалнама талданды.

Нәтижелер. Әлеуетті жұмыс берушілер үшін ең маңызды болып табылатыны түлектердің басты біліктіліктері (29,4%), сондай-ақ жас қызметкерлердің адамгершілік негіздері мен жеке бас қасиеттері (26,56%) табылды, теориялық білімдері де айтарлықтай жоғары бағаланды (25,63%), сонымен бірге әлеуетті қызметкерлердің денсаулық жағдайы жұмыс берушілердің 13,8%-ын ғана қызықтырды. Медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасуға үміткерлер үшін еңбек процесіне қанағаттанушылықты қалыптастыруда кәсіби тұрғыда жеке бастың даму мүмкіндіктері (24,1%), еңбек үшін материалдық сый ақым үддесі (22,1%) және жеке өмір болашағы (16,2%) аса маңызды болып табылады.

Тұжырымдар. Алынған нәтижелер Семей қ. ММУ-да Жұмысқа орналастыруда көмек көрсету және кәсіби даму орталығын құру негізінде түлектерді оңтайлы түрде жұмысқа орналастыру мақсатымен жергілікті атқарушы органдардың, медициналық ұйымдармен жоғары оқу орындарының ішкі және сыртқы тиімді әрекеттестік үлгісін әзірлеу негізінде алынды
Көрген адамдардың саны: 957


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Даутбаева Г. Р. Разработка эффективных методов содействия трудоустройству выпускников медицинского вуза в Восточно-Казахстанской области / / Наука и Здравоохранение. 2015. №2. С. 103-112. Dautbayeva G. R. Development of effective methods for promotion to employment of medical university graduates in East-Kazakhstan area. Nauka i Zdravoohranenie [Science & Healthcare]. 2015, 2, pp. 103-112. Даутбаева Г. Р. Шығыс Қазақстан облысы медициналық жоғары оқу орындары түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесунің нәтижелі тәсілдерінің әдістеу) / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. №2. Б. 103-112.

Авторизируйтесь для отправки комментариев