МЕТАСТАЗДАНҒАН СҮТ БЕЗІНІҢ ЗАМАНАУИ ЯДРОЛЫҚ ЖӘНЕ СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Кіріспе: Әдеби шолу ісіктің қатерленуімен, ерте және жылдам лимфогенді және гематогенді метастаздануымен, емнен кейінгі соңғы нәтижелерінің қанағаттанарлықсыз болған метастазданған сүт безі қатерлі ісігінің өзекті мәселелеріне арналған. Уақтылы жасалған сәулелі диагностиканың заманауи деректері және осы ауру кезінде қолданылатын зерттеу әдістерінің тиімділігі келтірілген.
Берілген әдебиеттік шолудың мақсаты метатстаздық сүт безінің қатерлі ісігінің заманауи диагностикалық әдістері жайлы әдебиеттерді тауып, соған талдау жасау.
Материалдар мен әдістер: қойылған мақстаттарды орындау үшін мақалалар мына көрсетілген мақалалар базасында іздестірілді: PubMed Medline, Health star, Embase, Cochrane, сонымен қатар іздеу жүйесі Google Scholar көмегімен жүргізілді.
Нәтижелері: Сүт безінің метастазданған қатерлі ісігінің зерттеу тәртіптері жайлы авторлардың ойлары әртүрлі. Осыған байланысты, сүт безінің метастазданған қатерлі ісігін зерттеу кезінде тиімді кешенді сәулелі және нуклеарлы диагностикасының алгоритмі керектігі туындайды.
Қорытынды: науқастарды тез арада, аз шығын шығара отырып, метастаз жайлы, оның таралуы және асқынуларына байланысты динамикасын бақылап отыруы жайлы толық ақпарат алу кезіндегі зерттеу схемаларының тиімділігі туралы сұрақтар өте өзекті.
Библиографиялық сілтемелер
Адылханов Т.А., Абильтаева А.А., Байсалбаева А.С. Метастазданған сүт безінің заманауи ядролық және сәулелік диагностикасының мүмкіндіктері: әдебиеттерге шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. №3. Б. 37-46.