Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ ТІС – ЖАҚ ЖҮЙЕСІ ПАТОЛОГИЯСЫ МЕН ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

Кіріспе. Темекіге тәуелділік адам ағзасының барлық органдарына және жүйелеріне жағымсыз әсер етеді, соның ішінде стоматологиялық аурулардың жиілігіне. Бірақ стоматологиялық патологияның дамуына шылымды қолданудың әсері туралы кереғар мәліметтер бар.

Зерттеу мақсаты. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарындағы ауыз қуысы патологиясының дамуына темекіге тәуелділіктің әсерін бағалау.

Әдістері. Диагностикалық және емдеу іс-шараларынан өтушілердің ауыз қуысы және тіс жақ жүйелерінің патологиясымен науқастарды алғашқы және қайта тіркеу материалдары талданды. Темекіге тәуелділікті анықтау әдістемесін қолданумен науқастарды клиникалық тексеру мен сұрастыру өткізілді. Зерттеуге 20 жастан 75 жасқа дейінгі 237 науқас енгізілді. Шылым шегетін және шылым шекпейтін науқастар (Riskratio) топтары арасында салыстырмалы қауіпке есеп өткізілді. нольдік гипотезаны жоққа шығары үшін шектік критерилер p<0,05 қабылдады.

Нәтижелері. Зерттеу нәтижесінде темекіге тәуелділікпен тексерілгендер ауыз қуысы және тіс жақ жүйесінің шырыштары ауруларының үлкен жалпы жиілігі анықталды. Патологиямен зерттелгендердің орташа жиілігі 1 темекі шегушіге 1,86 құрады және темекі шекпеушіге 1,25 (RR=1,49, p=0,03). Шайнайтын немесе иіскейтін темекіні қолданған кезде тиісті көрсеткіштер 2,69 салыстырғанда темекіге тәуелділіксіз стоматологиялық клиникалар науқастары кіші топтарында 1,25 құрады (RR=2,15, p=0,01).

Қорытындылары. Темекіге тәуелді тұлғаларда кариес, пульпаның және периапикалды тіндердің, пародонтоз, ауыз шырышты қабатының ісікалды ауруларының созылмалы формалары сияқты клиникалық маңызды патологиялардың жиілігінің артуы белгілі болды. Темекіге тәуелді тұлғалардағы ауыз қуысы және тіс – жақ жүйелері шырыштарының зақымдануының даму қаупін анықтайтын маңызды факторлардың бірі темекі шегудің ұзақтығы мен белсенділігі болып табылады.

Көрген адамдардың саны: 476


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Сухоруков М. А., Брыжахина Ж. Д. Шығыс Қазақстандағы ауыз қуысының және тіс – жақ жүйесі патологиясы мен шылым шегудің өзара байланысы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. №3. Б. 80-88.


Авторизируйтесь для отправки комментариев