Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АҒЗАНЫҢ ТЕТРАБОРАТ НАТРИЙМЕН СОЗЫЛМАЛЫ ИНТОКСИКАЦИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ БАУЫРДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ

Кіріспе: Қазақстан Республикасының Ақтобе қаласы бор және хромнан биогеохимиялық аймақ болып табылады, хром қосылысының әртүрлі дозалары адам және жануарлар ағзасына әсері жайлы зерттеулер көптеп кездеседі, ал бор қосылысының мүшелер мен жүйелерге әсері жөніндегі зерттеулер бірең – сараң.

Зерттеу мақсаты: тетраборат натрийдің бауыр морфологиясына әсерін зерттеу.

Әдістері: Зерттеу 50 тексіз аталық ақ егеуқұйрықтарға (10 интактылы, 20 – бақылау, 20 – тәжірибелік) жүргізілді. Тәжірибелік жануарларға 2 ай бойына күн сайын 150 мг/кг дозада тетраборат натрийдің физиологиялық ерітіндісін 1-2 мл көлемде іш қуысына енгізілді. Бақылау жануарларына сол мерзімдерде іш қуысына 1-2 мл физиологиялық ерітінді енгізілді. Зерттеу материалы бауыр бөлігі. Гистологиялық өткізуден 7-8 мкм қалыңдықта кесілген бауыр кесінділерін гематоксилин - эозин және ван – Гизонмен боялды. Квадратты торда (250 нүкте) 40X40 мкм морфометриясын өткіздік.

Нәтижесі: Екі ай тетраборат натриймен созылмалы улануынан кейін орталық венаның қанға толғанын – қан іркілісі, синусоидальды капиллярлардың кеңігені, дегенерация байқалды, негізінен орталық венаның айналасында ашық гепатоциттер, фибробластар санының және бауыр триадасының айналасында коллаген талшықтарының өсуі, гепатоцит ядроларында амитоз анықталды, екі ядролы жасушалар (бақылауда 6,2±0,41%, тәжірибеде 12,7±0,75%) полиплоидты жасушалар санының (бақылауда 1,2±0,02%, тәжірибеде 4,3±0,27%) көбейгені байқалды. Сонымен қатар салмақ индексінің төмендегені байқалды (бақылауда 41,7±2,14%, тәжірибеде 36,3±2,53%).

Қорытынды: Тетраборат натрийдың созылмалы интоксикациясы егеуқұйрықтар ағзасын гепатоциттер дегенерациясына, бауыр бөліктерінің венозды тамырларда қан іркілуіне, екі ядролы және полиплоидты гепатоциттер санының өсуіне әкеледі.


Көрген адамдардың саны: 1064


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Бердалинова А. К., Умбетов Т. Ж., Комекбай Ж. Е. Ағзаның тетраборат натриймен созылмалы интоксикациясы кезіндегі бауырдың морфологиясы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. №3. Б. 89-97.


Авторизируйтесь для отправки комментариев