ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТТІ АЗАМАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТАРАПЫНАН ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ
Кіріспе. Мақала қазіргі денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесі – азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілік механизмі принципін енгізуге арналған. Себебі, адамның денсаулық жағдайы көбіне оның өмур сүру салтына байланысты. Сондықтан оны өзгерту мақсатымен елімізде денсалуық сақтау саласында Мемлекеттік бағдарламалар енгізіліп, іске асырылуда. Мақалада медициналық қызметкерлер мен еңбекке қабілетті азаматтарды жасырын анкеталаудың негізгі нәтижелері берілген.
Әдістер. Сұрастыру Қарағанды қаласының поликлиникаларында жүргізілген. Оған 431 медициналық қызметкер мен 733 еңбекке қабілетті азаматтар қатысқан. Анкеталау нәтижелері StatSoft Statistica 8 бағдарламасы көмегімен өңделді.
Нәтижелер. Медициналық қызметкерлерге қарағанда, еңбекке қабілетті азаматтар халықты өз денсаулығы үшін жауапты деп санайды. Өкінішке орай, респонденттердің жартысынан көбі бұл сұраққа жауап қайтара алмаған. Шамамен әрбір үшінші медицина қызметкері медициналық көмек үшін қосымша төлем енгізумен келіседі, еңбекке қабілетті азаматтар бұдан екі есе төмен. Бұл сауал бойынша корреляциялық байланыс анықталған. Яғни, осы сұраққа оң жауап қайтарған медициналық қызметкерлердің жұмыс өтілімі 20 жылдан асатыны байқалды. Барлық респонденттердің шамамен жартысы қосымша төлем енгізудің жақсы жақтарына дәрігерлердің жалақысының жоғарлауын атап өткен. Теріс жақтарына респонденттердің жартысынан көбі әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың мүмкіндігінің шектелуін көрсетеді.
Қорытынды. Медицина қызметкерлері халықпен тікелей жұмыс жасағандықтан, халықтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігінің төмен екеніне көзі жеткен. Әрбір екінші медициналық қызметкер медициналық қызмет көрсету үшін қосымша төлем енгізумен келісім білдірген. Бұл сұраққа оң жауап берген еңбекке жарамды азаматтар саны екі есе төмен. Әрбір екінші еңбекке жарамды азамат пен әрбір үшінші медициналық қызметкер медициналық қызмет көрсету үшін қосымша төлем енгізуге дайындық білдіреді. Барлық респонденттердің шамамен жартысы, қосымша төлем халықтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігінің арттыратынына сенімді. Респонденттердің жартысынан көбі қосымша төлемнің енгізілуі әлеуметтік қорғалмаған адамдар үшін теріс әсерін тигізетінін көрсеткен.
Библиографиялық сілтемелер
Даулеткалиева Ж. А., Кулов Д. Б., Минг Юнг Хо Еңбекке қабілетті азаматтар мен медициналық қызметкерлер тарапынан халықтың өз денсаулығына жауапкершілік дәрежесін бағалау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. №3. Б. 98-104.