ІНДЕТ ЖҰҚТЫРУ ЖОЛДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АИВ-ИНФЕКЦИЯЛАНҒАН НАУҚАСТАРДА СОЗЫЛМАЛЫ С ВИРУСТІ ГЕПАТИТІНІҢ ӨТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кіріспе. Қазіргі уақытта АИВ-инфекцияланған науқастар арасынан С вирусті гепатитті тудырған індет кеңінен тарап отыр. Қарқынды өсіп келе жатқан нашақорлық, жыныстық қарым-қатынас жолдарының індеттері, АИВ-ның зақымдануы және жастар арасында С вирусті гепатиттен емделудің төмен тиімділігі мен аурудың арнайы алдын алу шараларының болмау патологиясы қазіргі инфектологияның ішінен бірден-бір талқыланады.
Зерттеудің мақсаты: Індет жұқтыру жолдарына байланысты АИВ-инфекцияланған науқастарда созылмалы С вирусті гепатитінің өту ерекшеліктерін зерттеп білу.
Әдістер. Зерттеу дизайны: ашық, рандомизацияланбайтын, проспективті. ММ «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күресу орталығының» диспансерлік бақылау тізімінде тұрған созылмалы С вирусті гепатитпен ауыратын 58 АИВ-инфекцияланған науқастар тексеруден өтті. АИВ-инфекцияның диагнозы иммунды блоттинг әдісімен анықталды. Гепатиттің этиологиялықлық анықтамасы иммуноферментті анализ әдісін және ПТР жүргізді.
Нәтижелер. Індет жұқтыру жолдарына байланысты АИВ-инфекцияланған науқастарда созылмалы С вирусты гепатитінің клиникалық-зертханалық нәижелері ұсынылды. Жыныстық жолмен жұқтырған науқастарда сырқат ауру белгілерсіз білінбей өткен. Ал есірткі тұтынушылар арасынан жұқпаның клиникалық белгілері мен жұқпа процес белсенділігінің бір қалыпты деңгейі анығырақ байқалды.
Қорытынды. Алынған клиникалық-зертханалық көрсеткіштерден АИВ-инфекцияланған науқастарда созылмалы С вирусты гепатитінің өту ерекшеліктері індет жұқтыру жолдарынан байланысты болады деп санаймыз.
Библиографиялық сілтемелер
Кошерова Б. Н., Сәрсекеева Н. Е. Індет жұқтыру жолдарына байланысты АИВ-инфекцияланған науқастарда созылмалы С вирусті гепатитінің өту ерекшеліктері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. №4. Б. 70-76.