Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА ЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯҒА НЕГІЗДЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ РАДИОЛОГИЯЛЫҚ КЛАСТЕР ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

Кіріспе. Медицина ғылымының қазіргі жағдайы, сондай-ақ денсаулық сақтау ісін реформалау үрдістері өңірде заманауи ғылымды керек ететін технологияның қажеттігі туралы айтуға мүмкіндік беріп отыр. Ядролық медицинаның ерекшелігі ғылым мен техниканың әртүрлі саласында ауқымы кең ресурстарды тарту болып табылады, бұл өз кезегінде Қазақстанда аталмыш саланың дамуы бойынша күрделі кешенді ведомствоаралық жолды талап етеді.

Мақсат - Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) Семей қаласында ядролық технологияға негізделген медициналық радиологиялық кластер құрудың заманауи жағдайын ұсыну.

Қорытынды. Семей қаласында құрылатын, радионуклидті технология пайдаланылатын, ядролық медицина орталығы радиофармпрепараттарға, радиоизотоп генераторларға қажеттілікті қамтамасыз ететін ғылыми, өндірістік және кадрлық әлеуетті алдын ала құруға және Қазақстан өңірлерінде жаппай диагностикалық зерттеулерді орындауға мүмкіндік береді.

Көрген адамдардың саны: 1755


Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Сандыбаев М. Н., Әділханов Т. А. шығыс қазақстан облысы семей қаласында ядролық технологияға негізделген медициналық радиологиялық кластер құрудың негізгі алғы шарттары / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 4. Б. 85-93.


Авторизируйтесь для отправки комментариев