БЕНЧМАРКИНГ НЕГІЗІНДЕ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ РАДИАЦИЯЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
Кіріспе. Зерттеудің маңыздылығы Қазақстанда реформа жүргізу денсаулық сақтау жүйесінде нарықтық қатынастардың дамуына тікелей байланысты түбегейлі өзгерістерге әкелді. Заманауи, медициналық қызметтің бәскелестігі жоғары нарығында лайықты орын алу үшін жаңа алдыңғы қатарлы маркетингтік технологияларды пайдалану қажет, осындайлардың бірі – бенчмаркинг болып табылады.
Мақсат – Семей қаласындағы Жоғарытехнологиялық радиациялық онкологиялық орталығының практикалық тиімді қызметінің бағытын бэнчмаркинг негізінде анықтау.
Әдістері: кешенді салыстырмалы бағалау; қадағалау, жалпылама көрсеткіштерді есептеу, SWOT- талдауы.
Нәтижелері. Бенчмаркинг – медициналық қызмет нарығында басқа кәсіпорындардың жетістіктері мен қателіктерін зерттеп, мекеме қызметінің тиімді үлгісін жасауға мүмкіндік беретін, ядролық медицинаның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын анағұрлым тиімді маркетингтік технология бөлінді. Ақпаратты жинау нәтижесінде екі елдің және ядролық медицинаның екі орталығының тәжірибесі бөлінді (Италия, Ресей).
Қорытынды: Қазақстандағы ЯМ енгізілуін тежеп отырған мынадай бірқатар түйінді мәселелер бар: медициналық радионуклидті технологиялар құнының жоғарылығы; радиолог-дәрігерлер санының тапшылығы; радиодиагностикалық қондырғылардың дер кезінде жаңғыртылмауы; рұқсат етуші және бақылаушы органдар тарапынан болатын басы артық реттеулер.
SWOT-талдауы ЖТЯО қызметі мықты жақтарын анықтауға мүмкіндік берді: дайын мамандардың болуы; әлеуметтік маңызы бар бағдарламалармен жұмыс (онконауқастанушылықтың және өлім-жітімнің азаюы); халықаралық жобаларға қатысудағы бай тәжірибе; Семей қаласындағы білімділік және ғылыми ұйымдардың тұрақты іскер байланыстары, емдік және диагностикалық мекемелермен; орталықтың амбициозды мақсаттары, дамуға талпыныс және өзгерістерге дайын болу.
Әлсіз жақтар қатары: медициналық радиоизотопты технологиялардың құнының жоғарылығы; дайындаған дәрігерлер санының шектеулігі; рұқсат етуші және бақылаушы органдар тарапынан болатын басы артық реттеулер; тұрақты стратегиялық маркетингтің болмауы, технологиялық дайындау процесінің толық өңделмеген механизмдері, радиофармпрепараттарды енгізу және т.б. Орталық қызметінің бәскеге қабілеттілігін арттыруға арналған мүмкіндіктер анықталды: шетелдік орталықтардағы қызметкерлер құзырлығын арттыру; шетелдік және қазақстандық грант жобаларына қатысу; ҚР өңірлерін жоғарытехнологиялық көмекпен қамту; ЖТЯО базасында дипломнан кейінгі оқытуға арналған практикалық тренингтік орталықтар құру; позитронды-эмиссионды томограф (ПЭТ) сканерлерді қолдана отырып, онкологиялық емес патологияларды анықтаудың жаңа хаттамаларын дайындау; ҚР басқа орталықтарына және жақын шетелге арналған радиофармпрепараттар өндіру; медициналық туризмді дамыту.
Библиографиялық сілтемелер
Сандыбаев М. Н., Әділханов Т. А. Бенчмаркинг негізінде Семей қаласының Жоғарытехнологиялық радиациялық онкология орталығының перспективті қызметіне талдау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 4. Б. 94-105.