2011-2014 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ХОЛДИНГТІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Мақсат. Ұлттық медициналық холдингтің (бұдан әрі – Холдинг) 2011-2014 жылдардағы инновациялық іс-шаралары.
Материал және әдістер. Холдингтің 6 еншілес үйымдарының 2011-2014 жылдарға арналған инновациялар бойынша есеп деректері қолданылған.
Нәтижелер. Талқыланған жылдарда инновациялық технологиялардың (ИТ) Холдингте енгізу саны шамамен екі есеге өсті. Сондай-ақ, ғылыми бағдарламалар мен іс әрекет актілер саны көбейді. Оның 63,3 % білім беру іс-шаралар нәтижесінде алынды. ИТ-лар трансфері еліміздің өзге аймақтарға мастер-кластар пен семинарлар, сол аймақтағы науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну, телемедицина, санитарлық авиация желісі арқылы жүзеге асырылды. Холдингтің клиникалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бірегей технологиялардың барлық түрлері дерлік жүргізіледі.
Қорытынды. Холдингтің тұтас инновациялық инфрақұрылымын құру үшін өзінің зерттеу нәтижелер өнімдерінің арқасында қол жеткен технологияларды әзірлеп-еңгізіп, оны содан соң коммерцияландыру қажет.