Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ МИ ІШІЛІК ГЕМАТОМАНЫҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ
Жүкті әйелдерде дамыған нейрохирургических жедел жағдайлар күрделі және бірнеше мамандардың мультидисциплинарлық көмегін қажет етеді. Тексеру мақсаты: Жүкті әйелдердегі геморрагиялық инсульт себебінен дамыған ми ішілік гематоманы хирургиялық емдеу тәсілінің мүмкіндіктерін көрсету. Әдістері: Семей қ. Мемлекеттік Медициналық Университеттің медициналық орталығының нейрохирургия бөлімінде екі жүкті әйелдер жедел операциялық ем қабылдады. Сол бақылаудың бірі мысалға келтіріледі. 31 аптадағы жүктілікпен ауру басталғанына 7 сағат өткеннен кейін ауыр жағдайда әйел нейрохиругия бөліміне түсті, Глазго шкаласы бойынша 8 балл, сол жақта гемиплегия , менингиальдық синдром байқалды. Өмірлік маңызды ағзалардың қызметі сақталынған, ұрықтың журек қағысы анық. Мидің комптьютерлік томограммасыңда субкортикалдық 80 мл гематомасы анықталды. Бір сағат ішінде ашық түрде миішілік гематома алынды (кранеотомия, энцефалотомия). Нәтижесі: Жүкті әйелдердегі геморрагиялық инсульт себебінен дамыған ми ішілік гематоманы операциялық емдеу жүкті әйелдердің өмірін сақтап қалуға және сау нәрестені өмірге әкелуге жағдай туғызды. Қорытындысы: Жүкті әйелдердегі жедел дамыған нейрохирургиялық паталогиялардың бәрі өмірге қауып туғызбайды. Геморрагиялық инсульт себебінен дамыған ми ішілік гематомада уақытында қолданылған операциялық ем әйелдердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 1406


Мақалалар санаты: Клиникалық жағдай

Библиографиялық сілтемелер

Ишмухаметов Р. Ш., Каймак Т. В., Сабырбаева Н. Т. Хирургическое лечение внутримозговых кровоизлияний у беременных женщин / / Наука и Здравоохранение. 2015. № 1. С. 69-72. Ishmukhametov R. Sh., Kaimak T. V., Sabyrbaeva N. T. Surgical treatment of intracerebral hemorrhage in pregnant women Nauka i Zdravoohranenie [Science & Healthcare]. 2015, 1, pp. С. 69-72. Ишмухаметов Р. Ш., Каймак Т. В., Сабырбаева Н. Т. Жүкті әйелдердегі ми ішілік гематоманың хирургиялық емдеу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 1. Б. С. 69-72.

Авторизируйтесь для отправки комментариев