Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АНА ЖƏНЕ ПЕРИНАТАЛЬДЫ НƏТИЖЕЛЕРІНЕ БОСАНУ ИНДУКЦИЯ ƏДІСТЕРІНІҢ ƏСЕРІ
Осы статья уақытынан бұрын босануды шешу мақсатымен босану индукциясы әдістерін қолдану бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтің даму және Денсаулық сақтау министрлігінің тәжірибеге енгізілген диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес Семей қаласының Перинатальді орталығында жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелерін құрайды. Зерттеу мақсаты аналық нәтижелерге босану индукциясы әдістерінің, нақтырақ босану актісінің және босанудан кейінгі кезеңнің асқынуларының және перинатальді нәтижелердің, атап айтсақ ұрық асфиксиясының бар немесе жоқ екенін зерттеу болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін авторлармен мизопростолды интравагинальді және пероральді енгізу жолымен, сонымен қатар тамырішілік окситоцинді енгізу жолымен босану индукциясын жүргізуден тұратын бақылаулы клиникалық зерттеу жүргізілді. Статья босану актісінің аналық және перинатальді нәтижелеріне босану индукция әдістерінің әсері бойынша нақты мәліметтерді құрайды. Материал ретінде 2014ж қаңтар және желтоқсан аралығында индукция жолымен Семей қаласының Перинатальді Орталығында босанған әйелдердің босану тарихы қолданылды. Енгізу критерилері жүктіліктің 22 және 42 апта аралығындағы шүйдемен келген бірұрықты босанулары болды. Жоққа шығару критерилері: көпұрықты босану, ұрықтың антенатальді өлуі, жамбаспен немесе басқадай дұрыс келмеуі, жатырдағы тыртықпен босану, оперативті босанулар. Авторлармен жүргізілген зерттеу анада босану актісінің асқынуларының дамуына босану индукциясы әдістерінің жоқ екенін (p=0,115) және перинатальді нәтижелерге (p=0,0021) босану индукциясы әдістерінің әсері жоқ екенін қорытындылайды. Сонымен қатар, мизопростолды интравагинальді енгізумен салыстырғанда пероральді енгізуде босану әрекетінің дамуы неғұрлым тезірек екені анықталды (p=0,001). Аталған зерттеудің тәжірибелік мәні тәжірибеге босану индукциясы әдістерін неғұрлым белсенді енгізуді, сонымен қатар босану актісінің дамуын тездету үшін пероральді жолды қарқынды қолдануды талап етеді.
Көрген адамдардың саны: 657

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Бексултанова М. У., Танышева Г. А., Кинаятова Ш. К. Ана жəне перинатальды нəтижелеріне босану индукция əдістерінің əсері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 5. Б. 42-51.

Авторизируйтесь для отправки комментариев