Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚҰРСАҚ ІШІЛІК ИНФИЦИРЛЕНГЕН САЛМАҒЫ АЗ НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ИММУНДЫ ЖАУАБЫНЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кіріспе. Перинатальды медицина мәселелерінің ішінде құрсақішілік инфекциялар ерекше орында. Ағзаның инфицирленуі кезінде моноцитарлы-макрофагалды жүйе қабыну және қабынуға қарсы цитокиндерін бөле бастайды. Зерттеу мақсаты. Құрсақішілік инфицирленген жаңа туған нәрестелердің салмағына қарай қабыну және қабынуға қарсы цитокиндер деңгейін және вирусты этиологиялы құрсақішілік инфекцияның клиникалық корінісін салыстыра отырып талдау. Нәтижелер. Туғандағы салмағы аз нәрестелермен салыстырғанда салмағы 2500 г аса салмақтағы нәрестелерде қан сарысуында қабыну цитокиндерінің анағұрлым жоғары көрсеткіштері ИЛ-1β анықталды (p<0.001). Аз салмақты нәрестелер қан сарысуында анықталған ИЛ-1β-ның салыстырмалы төмен көрсеткіштерін қабыну цитокиндерін өндіретін иммунды жасушалардың жетілмеуімен және қызметтік белсенділігінің төмендігімен түсіндіруге болады. Салмағы 2500 г аса салмақтағы нәрестелерде ИЛ-10 қабыну цитокинінің деңгейі туғандағы салмағы аз нәрестелермен салыстырғанда анағұрлым жоғары (р = 0.002). Қорытынды. Туғандағы салмағы аз нәрестелердің қабыну және қабынуға қарсы цитокиндер деңгейі салмағы 2500 г аса салмақтағы нәрестелермен салыстырғанда төмен екенін нақты айтуға болады. Туғандағы салмағы аз нәрестелердің жұқпалы процесске қайтаратын жауабы салмағы 2500 г аса салмақтағы нәрестелермен салыстырғанда біршама төмен, бұл өз кезегінде иммунитеттің жасуша-гуморалдық тізбегінің толық жетілмеуімен түсіндіріледі.
Көрген адамдардың саны: 351

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Тусупкалиев Б. Т., Жумалина А. К., Жекеева Б. А., Байжанова Р. М. Құрсақ ішілік инфицирленген салмағы аз нәрестелердің иммунды жауабынын ерекшеліктері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 5. Б. 52-60.

Авторизируйтесь для отправки комментариев