Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СЕМЕЙ Қ. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЭФФЕКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІ БОЙЫНША БІЛІМІН ЗЕРТТЕУ
Кіріспе. Дәлелді медицина қазіргі уақытта медициналық технологиялар жайлы шешім қабылдауда негізгі құрал болып табылады. Мақсаты: ШҚО, Семей қ. медицина қызметкерлерінің дәлелді медицина және эффективті технологиялар бойынша білім деңгейін тексеру. Құралдар мен әдістер: Зерттеу дизайны көлденең. Зерттеу Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жүрді. Сауалнама акушерлік салада қызмет атқаратын дәрігерлер мен орта буын медициналық персонал арасында жүргізілді. Мәліметтердің статистикалық өңделуі SPSS (20.0. нұсқа) бағдарламасымен жүргізілді. Нәтижелер: Акушер – гинеколог дәрігерлердің орта жасы 41,4 жас (95% ДИ 28,4 до 54,4), акушерлердікі 42 жас (95% ДИ 30,2 до 53,8). Соңғы үш жылда, эффективті перинатальды технологиялар бойынша біліктілігін 85% акушер – гинеколог дәрігер және 86% акушерлер арттырды. Акушер – гинекологтар мен акушерлердің көп бөлігі (57,5% және 74,4%) дәлелді медицина және клиникалық нұсқауларды енгізу және маниторингі бойынша біліктілігін арттыру курстарын өтпеген. Дәрігерлер (77%) мен акушерлердің (72,1%) басым бөлігі дәлелді медицина және клиникалық нұсқауларды енгізу және маниторингі бойынша біліктілігін арттыру курстарын өткілері келетіндігі жайлы айтқан. Медицина қызметкерлерінің білім деңгейін тексеруде 43,4% қанағаттанарлықсыз, 7,2% жақсы деген нәтиже көрсетті. Қорытынды. Жасалған корреляционды сараптама «қанағаттанарлықсыз» білім деңгейі соңғы біліктілігін арттыру уақыты мен эффективті перинатальды технологиялар мен дәлелді медицина және клиникалық нұсқауларды енгізу курстары бойынша біліктілік курстарын өту және өтпеуіне байланысты екенін көрсетті. Онымен қоса төмен бағаның ағылшын тілін білмеуі мен ақпарат базаларына қол жетімсіздікпен байланысты
Көрген адамдардың саны: 484

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Даулетьярова М. А., Семенова Ю. М., Кайлюбаева Г. Ж., Манабаева Г. К., Елисинова А. М., Елисинова Н. М., Баймухаметов Е. С. Семей қ. Медицина қызметкерлерінің эффективті технологиялар және дәлелді медицина негіздері бойынша білімін зерттеу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 5. Б. 61-67.

Авторизируйтесь для отправки комментариев