Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӨҢІРЛІК ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІНДЕГІ ПСИХОТЕРАПИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТӘЖІРИБЕСІ
Кіріспе. Онкологиялық науқастарға арнаулы көмек көрсету стандартына психотерапиялық емдеу-оңалту бағдарламалар кешенін қосу маңызды мәселе болып табылады. Мақсат – Семей қаласы өңірлік онкологиялық диспансеріндегі психотерапиялық қызметтің қалыптасу тәжірибесін көрсету Қорытынды. 1. Онкологиялық науқастардың арасындағы психогенді (нозогенді) реакциялар мен психикалық қынжылыстың кеңінен таралуы олардың толыққанды бейімделуіне кедергі болады және өмір сүру сапасының төмендеуіне, суицидтік қауіптің жоғарылауына, арнаулы емнің тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғады және онкологиялық аурушаңдық болжамының төмендеуі мен обырға шалдыққандардың арасындағы өлім-жітімінің артуының маңызды факторлардың бірі болып табылады. 2. Психотерапиялық қызметті ұйымдастыру пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға және емдеудің негізгі әдістерінің тиімділігін арттыруға әкеледі, сөйтіп онкологиялық науқастардың өмір сүруін ұлғайтуға ықпал етеді. 3. Онкологиялық науқастарда болатын коморбидті психикалық өзгерістер мен пациенттердің өмір сүру сапасына психотерапияның оң ықпалы және оның ұзақтығы оларға психотерапиялық көмек көрсетудің қажеттілігін көрсетеді. 4. Онкологиялық пациенттермен психотерапиялық жұмыс жүргізгенде полимодальды тәсіл қолайлы деп саналады, ол пациент проблемасын жүйелі түрде талдау негізінде психотерапиялық тәсіл мен бағыттың әртүрлі жағдайына жеке іріктеу мен үйлестіру есебінен психотерапия әлеуетін барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді. 5. Психикасында және мінез-құлқында өзгерістері бар онкологиялық диспансердің пациенттері арасында психотиикалық емес (шекаралас) ауыр күйзеліс пен бейімделудегі өзгерістерге реакция түріндегі психикалық өзгерістері барлары анағұрлым басым (71%) болды. 6. Онкологиялық диспансердің медицина қызметшілерімен жүргізілетін эмоциялық өшу синдромының алдын алу мен байқалуын жоюға бағытталған психотерапиялық жұмыс жұмыс ұжымында әлеуметтік-психологиялық климаттың жақсаруына, көрсетілген көмек сапасын жақсартуға және пациенттер мен олардың туыстары тарапынан қанағаттанарлық деңгейдің артуына ықпал етеді. Мақалада Семей қаласы өңірлік онкологиялық диспансеріндегі психотерапиялық қызметтің ұзақ жылғы тиімді жұмысының оң тәжірибесі дәрігер-психотерапевтің штаттық лауазымын енгізуге және Қазақстан Республикасының онкологиялық бейіндегі мекемелерінде психотерапиялық қызметті ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр.
Көрген адамдардың саны: 856

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Коровников А. Г., Сандыбаев М. Н., Адылханов Т. А., Нургазин М. Т. Семей қаласы өңірлік онкологиялық диспансеріндегі психотерапиялық қызметтің қалыптасу тәжірибесі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 5. Б. 68-80.

Авторизируйтесь для отправки комментариев