Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ №4 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Кіріспе: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің жоғарғы талабы амбулаторлық – емханалық типтегі денсаулық сақтауды ұйымдастыру қызметін жетілдіру қажеттілігін, күндізгі стационар технологиясының бір түрі болып табылатын жаңа перспективті ұйымдастырудың технологиясын енгізуді және дамытуды анықтайды. Соңғы 5 жылда Қазақстанда медициналық көмек реструктуризациясында емханада күндізгі стационарды белсенді қолдану қажеттілігі анықталды. Күндізгі стационарлар көптеген созылмалы аурулары бар науқастарды, сондай-ақ ерте жастағы балаларды госпитализациялау мәселелерін шешеді. Зерттеу мақсаты: күндізгі стационарға қойылатын талаптар мен тұрғындардың қанағаттануын меңгеру және күндізгі стационарды талап ететін негізгі науқастарды анықтау. Зерттеу әдістері: 2012, 2013 және 2014 жылдардағы күндізгі стационар жұмысына ретроспективті анализ жүргізілді. Жалпы қабылданған әдіс бойынша күндізгі стационар қызметінің көрсеткіштері есептелді: төсек-күнінің орташа саны, төсектің бос болмауы, науқастың стационардағы орташа емделу ұзақтығы, төсек айналымы. Қорытынды: Біздің зерттеуіміз 2014 жыл бойынща күндізгі стационардағы науқастар саны 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есе ұлғайғанын, 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1,2 есе ұлғайғаны анықтады. Соңғы 3 жылда нозология бойынша бірінші рангілік орында жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, екінші орында 2012-2013ж.ж. жүйке жүйесінің патологиясы, 2012-2014ж.ж. күндізгі стационардағы емделген науқастар арасында аурушаңдық структурасы бойынша асқазан-ішек жолының аурулары 3 орында болды. Барлық берілген мәліметтер бойынша әдебиеттік мәліметтерге сәйкес күндізгі стационарды көбіне жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары қажет ететіндігі дәлелденді. Респонденттердің көпшілігі емханадағы медициналық қамтамасыз етудің бұл формасын оң бағалады: қолайлы жұмыс кестесі – 42,2%; бұл еңбек қызметін үзбей емделуге мүмкіндігі; 22,3% – қоғамдық өмірден босамайтыны; 60,33% жағдайда респонденттердің күндізгі стационардың ұйымдастыру жұмысымен қанағаттанатыны анықталды.
Көрген адамдардың саны: 328

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Біртума зерттеулер

Библиографиялық сілтемелер

Ермуханова Л. С., Каташева Д. Н. Ақтөбе қаласы №4 қалалық емханасының күндізгі стационар жағдайы және даму перспективасы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 5. Б. 81-89.

Авторизируйтесь для отправки комментариев