Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280

Журналдың мақсаты – клиникалық медицина және қоғамдық денсаулық, жоғары медициналық білім саласында заманауи жетістіктерді жариялау арқылы медициналық білім саласында ғылыми коммуникацияларды дамыту.

Журналдың міндеттері

- Біртума зерттеулер, клиникалық бақылаулар, әдеби шолулар нәтижелерін биомедициналық ғылыми қоғамдастыққа жеткізу.

- Клиникалық медицинаның замануи бағыттарын талқылау.

- науқастарды зерттеудің және ауруларды емдеудің жаңа әдістерінің тиімділігі сұрақтарын қарастыру,

- клиникалық медицина және қоғамдық денсаулықпен байланысты сұрақтардың кең шеңбері бойынша конференциялар туралы есептерді орналастыру.

- Медициналық білімнің тиімділігін арттыру әдістерін талқылау.

- Ғылыми қызметкерлердің, дәрігерлердің, медициналық жоо–дар оқытушылары кәсіби деңгейін арттыру.

- Халықаралық стандарттар мен цитат келтіру жахандық индекстері талаптарына сәйкестікте журнал сапасын арттыру.

- Авторлар мен оқырмандар үшін журналдың сыртқы тартымдылығы мен қолжетімділігін арттыру.

- Жарияланған мақалаларға дүниежүзілік ғылыми ортада таралуын қамтамасыз ету.

- Журналдың таралуының тұрақты каналдарын қалыптастыру.

Еркін қолжетімділік саясаты

«Ашық қолжетімділік» Будапештік бастамаға сәйкес журнал жарияланған материалдарға ашық қолжетімділікті береді, ол зерттеулер нәтижелеріне ашық қолжетімділіктен шығатын медицинаны дамыту үшін білімдерімен жахандық шұғыл алмасуға көмек көрсетеді.

Рецензиялау

«Ғылым және денсаулық сақтау» журналы редакциясына түскен барлық материалдар қос көмескі рецензиялаудан өтеді. Рецензентке авторлар тегін көрсетусіз қолжазбаны рецензиялауға беріледі. Автор рецензенттің тегін білмейді. Автор мен рецензенттің хат алмасуы журнал сайтында электронды редакцияда электронды пошта адресі арқылы жүреді.

Рецензиялау барысында алынған және мүмкін болатын артықшылықтармен байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы керек және жеке пайда алу мақсатында пайдаланылмайды.

Рецензенттер мүдделердің барлық даулары туралы редакцияға мәлімдеуі керек, олар қолжазба туралы олардың пікірлеріне әсер етуі мүмкін; егер оны орынды деп тапса, олар нақты мақаланы рецензиялаудан бас тартуы керек.

Мерзімділік

Журнал жылына 6 рет шығады.

Баспагер жауапкершілігі мен міндеттері

Баспагер жарияланатын жұмысқа барлық замануи ұсыныстарды сақтауға жауапты.

Баспагер осы талаптарға сәйкес «Ғылым және денсаулық сақтау» журналының бас редакторымен, редакциялық алқа мүшелерімен, рецензенттермен және журнал авторларымен этикалық міндеттерді орындауға көмек көрсететін принциптер мен процедураларды сақтайды.

Журналдың бас редакторының және редакциялық алқаның жауапкершілігі мен міндеттері  

«Ғылым және денсаулық сақтау» ғылыми журналының бас редакторы жарияланымдар туралы шешім қабылдауға жауапты. Қарастырылатын жұмыстың растығы мен оның ғылыми маңыздылығы жарияланымдар туралы шешімдер негізінде әрдайым жатуы керек.

Бас редактор, редакциялық алқа мүшелері авторлардың нәсіліне, жынысына, сексуалды бағдарына, діни көзқарастарына, шығу тегіне, азаматтығына немесе саяси ерекшелігіне байланысты емес   қолжазбалардың зияткерлік мазмұнын бағалауы керек. «Ғылым және денсаулық сақтау» журналының бас редакторы, редакциялық алқа мүшелері авторларды, рецензенттерді, мүмкіндігінше рецентерді, басқа ғылыми кеңесшілерді және баспагерді алмағанда барлық тұлғаларға қабылданған қолжазба туралы ақпаратты қажеттіліксіз ашпауға міндетті.

Қарастыруға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған мәліметтерді автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды. Мүмкін болатын артықшылықтарымен байланысты рецензиялау барысында алынған ақпарат пен идеялар құпия сақталуы керек және жеке пайда алу мақсатында қолданылмайды.

Редакциялық алқа мүшелері қолжазбамен байланысты авторлармен,компаниялармен және мүмкіндігінше басқа ұйымдармен бәскелес, біріккен және басқа өзара әрекеттер және қарым қатынастар салдарынан мүдделер дауларының болуы жағдайында қолжазбаларды қарастырудан өз бас тартуы керек.