ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІЖӘНЕ МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМ
DOI:
https://doi.org/10.34689/p9fm1g16Кілт сөздер:
метаболизмдік синдром , гематокрит , эритроциттер , лейкоциттер , тромбоциттерАңдатпа
Метаболизмдік синдром кең таралуына және жүрек-тамыр асқынулары дамуының жоғары
қауыпына байланысты медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Метаболизмдік синдромның және қан көрсеткіштері арасындағы байланысты зерттеу ғалымдардың
қызығушылығын тудыруда.
Зерттеудің мақсаты: Онтүстік-Қазахстан облысы Түркістан қаласындағы жұмыс істейтін ер
адамдар мен әйелдер арасындағы метаболизмдік синдром және гематокрит, эритроциттердің,
лейкоциттердің және тромбоциттердің саны сияқты гематологиялық көрсеткіштер арасындағы
байланысты зерттеу
Зерттеу әдістері: Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің клиникасына тіркелген
контингенттен 965 адам зерттеуге қатысты, бұл анализге 839 адамның мәліметтері
қарастырылды. Пациенттерге сауалнамалар, антропометриялық және лабораториялық
зерттеулер жүргізілді. Метаболизмдік синдром IDF (2005) критерийлеріне сәйкес анықталды.
Метаболизмдік синдром және гематологиялық көрсеткіштер арасындағы байланысы
көпөлшемді логистикалық регрессиялық анализы арқылы зерттелді, метаболизмдік синдром
логистикалық модельге бинарлық көрсеткіш түрінде еңгізілді. Потенциальды конфаундингфактор ретінде жас, темекі тарту, алкоголь қабылдау көрсеткіштері қарастырылды.
Нәтижелер: Көпөлшемді логистикалық регрессиялық анализ нәтижесінде әйелдерде
метаболизмдік синдром және гематокрит деңгейі (cОШ= 1.66; 95% ДИ: 0.82; 3.34; тренд үшін
р<0.001), эритроциттердің (сОШ=2.31; 95% ДИ: 1.20; 4.48; тренд үшін р=0.022), лейкоциттердің
(сОШ=1.96; 95% ДИ: 1.07; 3.57; тренд үшін р=0.012) саны арасында оң мәнді байланыс
анықталды. Ер адамдарда оң мәнді ассоциация метаболизмдік синдром және гематокрит
деңгейі (сОШ=1.88; 95 % ДИ: 0.64; 5.57; тренд үшін р <0.001) арасында анықталды. Аталған
байланыстар потенциальды конфаундинг-факторларға коррекция жасау нәтижесінде сақталды.
Қорытынды: Зерттеу нәтижесінде метаболизмдік синдромы бар әйелдерде гематокрит
деңгейі, эритроциттердің, лейкоциттердің саны көрсеткіштері, ал ер адамдарда гематокрит
деңгейі жоғары болғандығы анықталды. Көрсетілген байланыстарды болашақ проспективті
зерттеулер нәтижесінде дәлелдеу клиникалық тәжірибеде кең қолданылатын, қол жетімді және
тиімді гемограмма көрсеткіштерін метаболизмдік синдромның және оның жүрек-тамыр
асқынулар дамуын ерте алдын-алуда қолдануға болады.
Әдебиеттер тізімі
Садыкова К. Ж., Шалхарова Ж. С., Шалхарова Ж. Н., Нускабаева Г. О., Гржибовский А. М.
Гематологические показатели и метаболический синдром / / Наука и Здравоохранение. 2015. № 6. С. 42-
54.
Sadykova K. Z., Shalkharova Z. S., Shalkharova Z. N., Nuskabaeva G. O., Grjibovski A. M. Hematological
indicators and metabolic syndrome. Nauka i Zdravoohranenie [Science & Healthcare]. 2015, 6, pp. 42-54.
Садыкова К. Ж., Шалхарова Ж. С., Шалхарова Ж. Н., Нускабаева Г. О., Гржибовский А. М.
Гематологиялық көрсеткіштері және метаболизмдік синдром / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 6.
Б. 42-54.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Карлыгаш Садыкова, Жанат Шалхарова, Жанар Шалхарова, Гульнар Нускабаева, Андрей Гржибовский (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.