SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІНЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ, 2019-2021 жж.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/35d1ka70

Кілт сөздер:

Кене энцефалиті , Иксод кенелері , Эпидемиологиялық қадағалау жүйесі , TBE

Аңдатпа

лматы қ., Қазақстан Республикасы.
Кіріспе. Кене энцефалиті - иксод кенелерінің шағуынан және кене энцефалиті вирусын жұқтырған ешкі мен
сиыр сүтін тұтынудан туындайтын Қазақстан үшін өзекті жіті трансмиссивті ауру. Қазақстанда бұл аурудың циклдік
сипаты болады, бұл эпидемиялық процеске және инфекция ошақтарына әсер ететін әлеуметтік факторларға
байланысты. Инфекцияның жаңа ошақтарының пайда болуы байқалады. Соңғы 10 жылда сырқаттанушылықтың
орташа ұзақ мерзімді көрсеткіші 100 000 адамға шаққанда 0.19 құрайды. Зерттеудің мақсаты Қазақстан
Республикасындағы кене энцефалитін қадағалаудың қолданыстағы жүйесін сипаттау және бағалау болды.
Материалдар мен әдістер: Біз Қазақстандағы кене энцефалитін эпидқадағалау жүйесін сипаттадық. Біз
жүйенің негізгі мына құжаттарын қолдандық: сырқаттанушылық туралы ресми деректер, ықтимал және расталған
жағдайлар туралы есептер, нормативтік-құқықтық актілер, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменттерінің жыл сайынғы есептері.
Нәтижелері: Зерттеу нәтижелері жүйеде мамандардың жетіспеушілігі немесе даярлығының жеткіліксіз болуы,
жүйе деңгейлері арасында ақпараттың берілу жылдамдығының төмендігі, жүйеленген электрондық деректер
базасының болмауы, жиналған деректерді талдау және интерпретациялау кезінде статистикалық әдістерді қолдану
деңгейінің төмендігі сияқты кейбір олқылықтарды анықтады.
Қорытынды: Зерттеу нәтижелері қоғамдық денсаулық сақтау органдарына мәлімделгеннен бері
эпидқадағалау жүйесі жетілдірілді. Кене энцефалитінің мониторингін бекіту туралы бұйрықтың жобасы жолданды,
2019–2021 жылдардағы расталған жағдайлар бойынша электрондық база құрылды. Соңғы жылы зерттеулер
белсенді түрде жүргізіліп жатыр, эпидемиологиялық ахуалды болжау жүзеге асырылады және алдын алу шаралары
бойынша ұсынымдар берілуде.

Автор өмірбаяны

  • Ульяна Кирпичева

    (Epidemiologist) Scientific and Practical Centre for Sanitary-Epidemiological Expertise and Monitoring,
    the Branch of the National Center for Public Health, Ministry of Health, Republic of Kazakhstan, Almaty, Republic of
    Kazakhstan.

Әдебиеттер тізімі

Kirpicheva U.A., Shapiyeva Zh.Zh., Utegenova E.S. Tick-borne encephalitis surveillance in Kazakhstan, 2019-2021 //

Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 3, pp. 71-78. doi 10.34689/SH.2023.25.3.009

Кирпичева У.А., Шапиева Ж.Ж., Утегенова Э.С. Надзор за клещевым энцефалитом в Казахстане за 2019-2021

годы // Наука и Здравоохранение. 2023. 3(Т.25). С. 71-78. doi 10.34689/SH.2023.25.3.009

Кирпичева У.А., Шапиева Ж.Ж., Утегенова Э.С. Қазақстан Республикасындағы кене энцефалитін

эпидемиологиялық қадағалау жүйесі, 2019-2021 жж. // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 3 (Т.25). Б. 71-78. doi

10.34689/SH.2023.25.3.009

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.