РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТТІҢ ИММУНОМАРКЕРЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/gmkwcs44Кілт сөздер:
ревматоидты артрит , иммунология , цитокиндер , хемокиндер , биомаркерлерАңдатпа
Өзектілігі: Ревматоидты артрит (РА) буындардың ауыр иммундық қабыну ауруларының бірі болып саналады,
оның таралуы ересек еңбекке қабілетті тұрғындар арасында 0,5-2% құрайды. Сонымен қатар РА әйелдерде
ерлерден қарағанда 2-3 есе жиі кездеседі. Қазақстан Республикасында РА таралуы 0,36–0,38%-ды құрайды, ал
аурушаңдығы 0,085-0,087%-ға тең. Иммундық жауаптың бұзылуы РА патогенезінің негізін құрайды, ал аурудың
пайда болуы мен өршуінде лимфоциттік және цитокиндік жүйелер маңызды рөл атқарады.
Мақсаты: Ревматоидты артрит кезіндегі пациенттердің иммунологиялық профилі туралы ғылыми ақпаратты
жүйелі түрде іздеу.
Іздеу стратегиясы: Шолу мақаласы AР08052703 «Қазақстандық популяциядағы ревматоидты артриттің
микробиотикалық және геномдық биомаркерлерін анықтау» жобасы бойынша зерттеу шеңберінде орындалған.
Ғылыми жарияланымдарды іздеу PubMed, EMBASE, Elsiever, Medline және GoogleScholar дерек қорларында
жүргізілді.
Нәтижелер: Ревматоидты артриттің патофизиологиясы қан сарысуында және сүйекке іргелес бөлімінде қабыну
үндерісіне ықпал ететін цитокиндердің (TNF-α, IL-1, IL-6 т.б.) тұрақты жоғары деңгейімен және қабынуға қарсы
цитокиндердің (IL-1ra, IL-4, IL-13 т.б.) төмендеуімен сипатталады. Көптеген дереккөздер жоғарыда келтірілген
деректермен сәйкес нәтижелер туралы хабарлайды, бірақ жеке цитокиндердің (мысалы, IL-2, IL-13 т.б.)
шоғырландыруына қатысты қарама-қарсы мәліметтер де бар.
Қорытындар: Қазіргі уақытта РА бар пациенттердің иммунологиялық профилі әлемде және Қазақстанда да
өзекті және жеткілікті зерттелмеген мәселе болып табылады. Иммунопатогенетикалық деректерді, аурушаңдықты,
жоғары мүгедектікті және РА-тан экономикалық зиянды ескере отырып, бұл сұрақ ерекше назар аударуды қажет
етеді.
Әдебиеттер тізімі
Хощанов Е.Е., Айнабекова Б.А., Иссильбаева А.А., Мейрамова А.М., Чуленбаева Л.Е. Иммуномаркеры
ревматоидного артрита // Наука и Здравоохранение. 2022. 4(Т.24). С. 146-156. doi 10.34689/SH.2022.24.4.019
Khochshanov Ye.Y., Ainabekova B.A., Issilbayeva A.A., Meiramova A.M., Chulenbayeva L.Y. Immunomarkers of
rheumatoid arthritis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 4, pp. 146-156. doi
10.34689/SH.2022.24.4.019
Хощанов Е.Е., Айнабекова Б.А., Иссильбаева А.А., Мейрамова А.М., Чуленбаева Л.Е. Ревматоидты артриттің
иммуномаркерлері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 4 (Т.24). Б. 146-156. doi 10.34689/SH.2022.24.4.019
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Ержан Хощанов, Баян Айнабекова, Аргуль Иссильбаева, Асель Мейрамова, Лаура Чуленбаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.