SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕПРЕССИЯ МЕН СУИЦИДТІҢАЛДЫН-АЛУЫ БОЙЫНША МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ. ӘДЕБИ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/cb173m96

Кілт сөздер:

суицид , алдын алу бағдарламалары , жасөспірімдер , депрессия

Аңдатпа

Өзектілігі Алдын алу бағдарламаларын іске асыру үшін мектеп жүйесін пайдалану жастарды қамтудың табиғи
және қолжетімді тәсілін қамтамасыз етеді. Қазақстанда да, басқа елдерде де жүргізілген зерттеулер суицид
жасаған жасөспірімдердің кемінде 90% - ында депрессия белгілері болғанын көрсетеді. Суицид жасөспірімдер
арасындағы сыртқы себептерден өлімнің жетекші себептерінің бірі болып табылады.
Бұл әдеби шолудың мақсаты 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде мазасыздық-депрессиялық
бұзылулардың алдын-алу бағдарламаларын бағалау мүмкіндіктері мен әдістеріне талдау жасау болып табылады.
Іздеу стратегиясы: Әдебиетке шолу 2021 жылы жасалды. Материалдар жиынтығы келесі базалар бойынша
жүргізілді: MEDLINE/ PubMed, SCOPUS, Web of Science, PsycINFO. Iздеу ауқытының ауқумдылығы 10 жыл, 2010-
2020 жыл арасында. Зерттеудің әртүрлі әдіснамасын ескере отырып, шолу баяндау сипатында болады. Нәтижелер
осындай бағдарламалардың қалыпты, бірақ нақты профилактикалық әсерін көрсетті. Алдын алу бағдарламалары
өз-өзіне қол жұмсау деңгейіне әсер ету стратегиясын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Нәтижелер: мақалада әртүрлі ортада және әдістемелерде жүргізілетін мазасыздық-депрессиялық
бұзылыстарды анықтау және олардың алдын алу бойынша жасөспірімдерге арналған әмбебап профилактикалық
бағдарламалар қамтылған. Бағдарламалар Қазақстанда, ТМД, Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Австралия
елдерінде жүзеге асырылады. Жасөспірімдерге арналған профилактикалық бағдарламалардың ең ірі жобалары
(SEYLE, LARS / LISA, Op Volle Kracht, SPARX) нақты егжей-тегжейлі сипатталған, оларды жүзеге асыру
ерекшеліктері, оң және теріс салдары, іске асыру қиындықтары. Алдын алу бағдарламалары жасөспірімдерді
бұзылуларымен анықтауға және кейінгі тексерулерде симптомдарды азайтуға, денсаулық сақтау саласына
жүктемені азайтуға, ауруханаға жатқызу мен емдеу жиілігін азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай бағдарламалардың
кемшіліктері қоғамдық және саяси ортада қолдаудың қажеттілігі, қаржылық шығындар, көптеген мамандарды тарту
және нәтижені сақтау үшін ұзақ уақыт қолдану қажет.
Қорытынды алдын-алу бағдарламалары суицид деңгейіне әсер ету стратегиясын жоспарлауға мүмкіндік
береді, бірақ оларды бағалау қиын, зерттеу әдістемелері әртүрлі, бағалаудың қолайлы әдісі жоқ, зерттеулердің
мерзімі мен араласуды бағалау мерзімі анықталмаған, болашақ зерттеушілер ескеруі керек.

Автор өмірбаяны

  • Анастасия Садовская

    врач психиатр, докторант PhD НАО «Казахский Национальный медицинский
    университет им. С.Д. Асфендиярова» г.Алматы, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Садовская А.А., Негай Н.А. Возможности и методы оценки профилактических программ при тревожнодепрессивных расстройствах у подростков. Литературный обзор // Наука и Здравоохранение. 2022. 2 (Т.24). С. 156-

166. doi:10.34689/SH.2022.24.2.019

Sadovskaya A.A., Negay N.A. Evaluation of the effectiveness of school programs for the prevention of depression and

suicide in adolescents. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2022, (Vol.24) 2, pp. 156-166.

doi: 10.34689/SH.2022.24.2.019

Садовская А.А., Негай Н.А. Жасөспірімдерде депрессия мен суицидтің алдын-алуы бойынша мектеп

бағдарламаларының тиімділігін бағалау. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2022. 2 (Т.24). Б. 156-166.

doi: 10.34689/SH.2022.24.2.019

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.