SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

АУТИЗМ ТУРАЛЫ ІЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР ДАЙДЖЕСТІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/3266z724

Кілт сөздер:

аутизм , аутизм спектрінің бұзылуы , скрининг , ерте диагностика , таралуы , аурулардың халықаралық жіктелуі

Аңдатпа

Кіріспе: Аутизм - қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселенің өзектілігі жыл сайынғы бастапқы
және жалпы аурушаңдық көрсеткіштерінің өсуімен, «аутизм» диагнозын ерте диагностикалауында туындайтын
қиындықтармен және мүгедектіктің жоғары деңгейімен байланысты.
Зерттеу мақсаты: аутизмнің таралуы туралы әдебиеттерді қарастыру және аутизм спектрінің бұзылуын ерте
диагностикалау мен емдеудегі деректердің талдауын жүргізу.
Іздеу стратегиясы: ғылыми жарияланымдар мен мамандандырылған іздеу жүйелерінің келесі дерекқорларын
қолдана отырып, жалпыға қолжетімді, 20 жылдық тереңдігі бар мақалалар зерттелді: PubMed, Google Scholar,
Cochrane Library, Web of Science, Scopus және eLIBRARY электронды кітапханасында. Ақпараттық іздеу аутизм,
аутизм спектрінің бұзылуы, эпидемиология, скрининг, аутизмді түзету секілді негізгі сөздерді қолдану арқылы
жүргізілді. Іріктеу критерийлері: A, B дәлелдемелерінің жариялану деңгейі: мета-анализдер, жүйелі шолулар,
когорттық және көлденең зерттеулер. Шығару критерийлері: жарнамалар, қысқа хабарламалар түріндегі
сарапшылардың пікірі.
Нәтижелер: шолу аутизмнің бұзылуын зерттеудің динамикасын, аурулардың қазіргі халықаралық
жіктемелеріне сәйкес диагноз қоюдың клиникалық тәсілдерін ұсынады, соңғы онжылдықтарда аутизмнің
таралуының мүмкін болатын себептерін қарастырады. Аутизмнің негізгі жіктелуі қарастырылады - Қазақстанда
қабылданған 10 -шы қайта қараудың аурулардың халықаралық жіктелуі және американдық психиатриялық
ассоциациясының аутизм спектрінің бұзылуына қатысты жаңа DSM -5 классификаторындағы маңызды өзгерістер.
Балалардағы аутизм спектрінің бұзылуын диагностикалауға байланысты қиындықтар айтылады. Аутистикалық
бұзылуларды ерте диагностикалаудың ең танымал әдістері мен оны түзетудің негізгі әдістері сипатталған.
Қорытынды: Аутистикалық бұзылулар мәселесіне, атап айтқанда, ерте диагностика, ерте араласу мәселелеріне
көбірек назар аудару қажет. Аутизммен ауыратын адамды өмір бойы сүйемелдеудің бірыңғай алгоритмін құру.

Автор өмірбаяны

  • Гульжан Касенова

    докторант PhD по специальности «Медицина» НАО «Казахский Национальный
    Университет имени аль-Фараби», г. Алматы, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Касенова Г.Т., Садуакасова К.З., Исаева Р.Б. Дайджест основных положений учения об аутизме // Наука и

Здравоохранение. 2021. 5(Т.23). С. 194-202. doi 10.34689/SH.2021.23.5.021

Kassenova G.T., Saduakassova K.Z., Issayeva R.B. Digest of the main provisions of the doctrine of autism // Nauka i

Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2021, (Vol.23) 5, pp. 194-202. doi 10.34689/SH.2021.23.5.021

Касенова Г.Т., Садуакасова К.З., Исаева Р.Б. Аутизм туралы ілімнің негізгі ережелер дайджесті // Ғылым және

Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 194-202. doi 10.34689/SH.2021.23.5.021

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.