ЕРТЕ АУЫР ПРЕЭКЛАМПСИЯ КЕЗІНДЕГІ АНАЛЫҚ ЖӘНЕПЕРИНАТАЛЬДЫ АСҚЫНУЛАРДЫ БОЛЖАУ:БОЛЖАМДЫҚ МОДЕЛЬ ЖАСАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/2azj7c17Кілт сөздер:
преэклампсия , болжау , болжаушыларАңдатпа
Кіріспе: Ауыр преэклампсия бүкіл әлемде аналық және перинатальды аурушаңдық пен өлім себептерінің бірі
болып табылады. Ауыр преэклампсия диагнозы қойылғаннан кейін, әрі қарай жүргізу тактикасын жоспарлау үшін
ана мен ұрықтың асқыну қаупін нақты бағалау қажет. Пациенттердің клиникалық-зертханалық мәліметтері
қолданылатын болжамды модельдер – дербестендірілген медицина жағдайында клиникалық тәжірибенің, нақты
пациенттердің болашақ нәтижелерін болжаудың және клиникалық шешімдер қабылдаудың балама негізі болып
табылады.
Зерттеудің мақсаты: ауыр ерте преэклампсия кезіндегі аналық және перинатальды асқынуларды болжаудың
болжамды моделін құру.
Материалдар мен әдістер: Семей және Павлодар қалаларының перинаталдық орталықтарында ауыр
преэклампсиямен жүктіліктің 24-34 аптасы аралығындағы 250 жүкті әйелге проспективті когорттық зерттеу 2018
жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізілді.
Әрбір болжамды үміткер мен мақсатты нәтижелер арасындағы байланыс бір жақты талдаудың көмегімен
талданды. Әрі қарай талдау үшін р <0,1 болжаушы үміткерлердің маңыздылық критериі қолданылды. Одан әрі,
ауыр ПЭ және эклампсиямен бірге жүретін жүктілік асқынуларын болжау мүмкіндіктерін зерттеу пренатальды
факторларға және босану мерзіміне байланысты ROC анализі және бинарлы логистикалық регрессия әдістерін
қолдану арқылы жүргізілді. Осы зерттеудегі статистикалық гипотезаларды тексеру кезінде p маңыздылық деңгейі
0,05-ке тең болды.
Нәтижелер: модельдерді құру үшін 5 айнымалылар пайдаланылды (фибриноген, мочевина, зәр қышқылы, ЛДГ,
УДДГ мәліметтері бойынша қан ағысының бұзылысы). Біздің болжам моделіміз қалыпты орналасқан плацентаның
мерзімінен бұрын ажырауын және перинатальды өлім-жітімнің (ұрықтың антенатальды өлімін қоса алғанда, AUC =
0, 77 ± 0,1 (95% CI: 0,58-0,96)) алдын алуға жақсы болжамды қабілетін көрсетті AUC = 0,77 ± 0,1 (95% CI: 0,58-0,96),
әсіресе жүктіліктің 27-29 апталарында преэклампсияның ауыр дәрежесін жүргізуде күту тактикасын қолданған
жағдайда.
Қорытынды: біздің зерттеуде жүктіліктің 24-34 апта аралығындағы ауыр преэклампсиясы бар жүкті әйелдерде
аналық және перинаталдық асқынуларды болжау модельдері жасалды, оларды клиникалық тәжірибеде
ститистикалық калькулятор ретінде қолдану оңай және түсінікті.
Әдебиеттер тізімі
Нургалиева Г.Т., Акильжанова Г.А., Кумарова Г.А., Дюсупова Б.Б., Манабаева Г.К. Прогнозирование материнских
и перинатальных осложнений при ранней преэклампсии тяжелой степени: разработка прогностической модели //
Наука и Здравоохранение. 2020. 6 (Т.22). С. 35-42. doi 10.34689/SH.2020.22.6.005
Nurgaliyeva G.T., Akilzhanova G.A., Kumarova G.А., Duyssupova B.B., Manabaeva G.K. Predicting maternal and
perinatal complications in early severe preeclampsia: development a prognostic model // Nauka i Zdravookhranenie [Science
& Healthcare]. 2020, (Vol.22) 6, pp. 35-42. doi 10.34689/SH.2020.22.6.005
Нургалиева Г.Т., Акильжанова Г.А., Кумарова Г.А., Дюсупова Б.Б., Манабаева Г.К. Ерте ауыр преэклампсия
кезіндегі аналық және перинатальды асқынуларды болжау: болжамдық модель жасау // Ғылым және Денсаулық
сақтау. 2020. 6 (Т.22). Б. 35-42. doi 10.34689/SH.2020.22.6.005
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Гульнара Нургалиева, Гульбану Акильжанова, Гульназ Кумарова, Бактыбала Дюсупова, Гульшат Манабаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.