SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗДЕСЕТІН ЭССЕНЦИАЛЬДІАРТЕРИАЛЬДІ ГИПЕРТЕНЗИЯСЫНЫҢ ОПТИМАЛЬДІ ЕМІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/611jvg46

Кілт сөздер:

резистентті артериальды гипертензия , ренальды денервация , тиімділігі

Аңдатпа

Кіріспе. Эссенциялы артериялық гипертензияның (АГ) емінде жеткен жетістіктер болса да, АГ резистентті түрін
емдеу өзекті мәселе болып қала береді. Сондықтан әлемнің көптеген елдерінде жоғары жиіліктегі токтың күшімен
бүйрек артерияларының симптомды денервациясы атты инновациялық дәрісіз емдеу әдісін қолдану кең өріс
алған.
Мақсаты. Семей қ. ММУ Медициналық орталығының кардиологиялық стационарының мәліметтері бойынша
реистентті АГ ағымына жоғарыда аталған емдік әдістің тиімділік дәрежесін анықтау.
Материалдары және әдістері: 2014-2017 жылдар арасында тұрақты антигипертензиялық еммен қоса бүйрек
артерияларын катетермен симптомды денервация әдісін қолдану арқылы АГ резистентті түрімен науқас 86 адам
зерттеліп емделді. АГ мониторингі стационарлық емді қабылдау кезінде үзіліссіз және емнен соң 3-6 ай бойы
жүргізілді. Деректерді статистикалық өндеу Windows-қа арналған SPSS 12.0.2 программа бойынша жасалды.
Нәтижелері : Көптеген жағдайларда жоғарыда аталған әдісті қолдану емнен соң бірнеше ай бойы АҚ мақсатты
деңгейіне жеткізеді және қолданылып отырған дәрілердің тәуліктік дозасының төмендеуіне әкеледі.
Қорытынды: АГ резистентті түрінде бүйрек тамырларын катетермен симптомды денервация әдісін қолдану.
Оны емдеудің жоғары тиімділіктегі әдісі болады және ол науқас адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады.

Автор өмірбаяны

  • Гульжахан Капанова

     доцент кафедры факультетской терапии, Государственного медицинского
    университет города Семей, г. Семей, Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Капанова Г.К., Хайбуллина А.И., Ботабаева А.С., Селгазина М.Б., Шаханов Т.Е., Муздубаев Д.К. Оптимизация

методов лечения эссенциальной артериальной гипертензии в Восточном Казахстане // Наука и Здравоохранение.

2018. 6 (Т.20). С. 138-142.

Kapanova G.K., Khaibullina A.I., Botabayeva А.S., Selgazina М.B., Shakhanov T.Ye., Muzdubayev D.K. The optimization

of treatment of essencial arterial hypertension in East Kazakhstan. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018,

(Vol.20) 6, pp. 138-142.

Капанова Г.К., Хайбуллина А.И., Ботабаева А.С., Селгазина М.Б., Шаханов Т.Е., Муздубаев Д.К. Шығыс

Қазақстанда кездесетін эссенциальді артериальді гипертензиясының оптимальді емі // Ғылым және Денсаулық

сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 138-142.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-02

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.