SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚСАҚТАУ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНІҢ ФИЛИАЛДАРЫМАМАНДАРЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚСАРАПТАМА ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ПІКІРІ

Авторлар

  • Гульнар Бимуратова Автор https://orcid.org/0000-0003-2381-4659
  • Виталий Резник Автор
  • Еркин Дурумбетов Автор
  • Омор Касымов Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/n2sp1w25

Кілт сөздер:

зертханалық бақылау , санитариялық-эпидемиологиялық сараптама , секторішілік өзара іс-қимыл , қызмет сипаттамалары

Аңдатпа

Кіріспе: Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі - ҚР ДСМ ҚДСК) «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚғы РМК (бұдан әрі - ҰСО) филиалдары мемлекеттің ҚР азаматтарына санитариялық-эпидемиологиялық,
экологиялық салауаттылығына және радиациялық қауіпсіздігіне кепілдік беруін қамтамасыз ету саласындағы
зертханалық зерттеулерді орындайды [1]. МСЭҚ шеңберінде зертханалық бақылаудың негізгі тапсырыс берушілері
ҚР ДСМ ҚДСК Қоғамдық денсаулық сақтау департаменттері болып табылады. Халықтың санитариялықэпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерге байланысты өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдардың рөлін және орнын анықтау қажет [,2,3,4]. Мақалада ҰСО филиалдары және ҚР
ДСМ ҚДСК департаменттері мамандарының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қызметі және оны
ұйымдастыру жағдайы туралы пікірін зерттеу нәтижелері көрсетілген.
Жұмыс мақсаты: ҰСО филиалдары және ҚР ДСМ ҚДСК департаменттері мамандарының зертханалық
жабдықпен жарақтандыру, кадрлармен толықтырылу, ҰСО филиалдарының жүргізетін зерттеулер тізбесі жіне
көлемі, ҰСО- ҚДСД сектораралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікірлерін зерттеу
Материалдар және әдістер: Социологиялық зерттеу ретінде ҰСО және ҚДСД филиалдары мамандарына
сауалнама жүргізу қолданылды. Алынған деректерді талдау және өңдеу SPSS, MS Ехсеl компьютерлік
программаларын қолдану арқылы жүргізілді.Зерттеудің статистикалық, әдісті қолданылды, t- Стьюдент критерийін
қолдана отырып, интенсивтіліктің, экстенсивтіліктің статистикалық көрсеткіштері, салыстырмалы көрсеткіштерге
арналған орташа қателікті және айырмашылықтар дұрыстығы есептелді. Алынған деректерге салыстырмалы
талдау жасалды (сандық, сапалық, микрожүйелік).
Зерттеу нәтижелері: ҰСО филиалдарының қызметінде зертханалық жабдықпен қамтамасыз ету, кадрлармен
толықтыру, жүргізілетін зерттеулер тізбесі және көлемі, ҰСО-ҚДСД өзара іс-қимыл жасауы бойынша проблемалы
мәселелер анықталды.
Қорытынды: ҰСО филиалдары жүргізетін зерттеулердің тізбесі аз және сапасы нашар, заманауи жабдықпен
қамтамасыз ету жеткіліксіз және кадрлардың кәсіби деңгейі төмен, зертханалық зерттеулер нәтижелерін алу
мерзімдерін қысқарту қажет және ҰСО-ҚДСД жүйесінде өзара іс-қимыл жасауды күшейту керек.

Автор өмірбаяны

  • Гульнар Бимуратова

    докторант Phd КМУ ВШОЗ, санитарный врач отдела научной
    деятельности и постдипломного образования филиала «Научно-практический центр санитарно-эпидемиологической
    экспертизы и мониторинга» РГП на ПХВ «Национальный центр общественного здравоохранения» МЗ РК, г. Алматы,
    Республика Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Бимуратова Г.А., Резник В.Л., Дурумбетов Е.Е., Касымов О.Т. Мнение специалистов филиалов Национального

центра экспертизы и Департаментов Комитета охраны общественного здоровья о деятельности и состоянии

организации санитарно-эпидемиологической экспертизы // Наука и Здравоохранение. 2018. 5 (Т.20). С. 153-163.

Bimuratova G.A., Reznik V.L., Durumbetov Ye.Ye., Kassymov O.T. National Expertise Center branches and

Departments of Public Health Protection Committee specialists opinions about the activities and status of sanitary and

epidemiological expertise organization. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 5, pp. 153-163.

Бимұратова Г.А., Резник В.Л., Дүрімбетов Е.Е., Қасымов Ө.Т. Ұлттық сараптама орталығы және Қоғамдық

денсаулық сақтау комитеті департаменттерінің филиалдары мамандарының санитариялық-эпидемиологиялық

сараптама қызметі және оны ұйымдастыру жағдайы туралы пікірі / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 5 (Т.20).

Б. 153-163.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-02

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.