SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

MPOX: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДЕН ЗАМАНАУИИММУНОПРОФИЛАКТИКА СТРАТЕГИЯЛАРЫНА ДЕЙІН.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.

Авторлар

  • Аян Туяков Автор
  • Гульжан Жаппарова Автор
  • Талшын Тленчиева Автор
  • Балжан Мырзахметова Автор
  • Куандык Жугунисов Автор
  • Леспек Кутумбетов Автор
  • Жазира Омарбекова Автор
  • Дария Дария Автор https://orcid.org/0000-0001-9463-1935

DOI:

https://doi.org/10.34689/masccz42

Кілт сөздер:

маймыл шешегі вирусы (MPXV) , эпидемиология , вакциналар

Аңдатпа

Кіріспе. Mpox (MPXV вирустың туындатқан ауруы) 2022-2025 жж. болған эпидемия барысында жаһандық
маңызға ие болды, талдау кезеңіне сәйкес 118 елде 97 281 зертханалық расталған жағдай тіркелді, ал ДСҰ 2024 ж.
14 тамызда жағдайды Халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау төтенше жағдайы (PHEIC) деп
жариялады. Географиялық кеңеюі мен осал топтардың болуы бақылау шаралары мен вакцинация стратегияларын
қайта қарауды талап етеді.
Мақсат. Mpox таралуының қазіргі ерекшеліктерін талдап, инфекцияның әкетілу қаупі контекстінде қолжетімді
алдын алу вакциналық шаралардың тиімділігін бағалау.
Іздеу стратегиясы. 2010-2025 жж. жарияланған рецензияланған әдебиеттер мен ресми есептерге сыни шолу
жүргізілді, талдау ғылыми жарияланымдарды, реттеуші құжаттарды және эпидемиологиялық қадағалау деректерін
қамтыды. Талдау mpox эпидемиологиясы мен инфекцияның таралуы, қауіп топтары мен клиникалық ерекшеліктері,
вакциналық платформалар (тіркелген препараттар және кандидаттар) бойынша, деректерді доклиникалық және
клиникалық деңгейлерге бөле отырып жүргізілді.
Нәтижелер. Клиникалық көріністер типтік кезеңделген тері бөртпелерінен атиптік аногенитальды формаларға
дейін өзгеріп отырады, ВИЧ-пен өмір сүретін адамдарда ауру ауырырақ өтеді. Қазақстанда расталған жағдайлар
тіркелмеген (шілде 2025). Вакциналар жайлы: репликацияланбайтын MVA-BN жағымды профиль көрсетеді (екі доза
- сероконверсия ≈89%; бағаланған тиімділік ≈82%, 95% сенімді интервал 72-92%; бір доза ≈76%, 95% СИ 64-88%),
ACAM2000 жоғары иммуногенді (сероконверсия ≈94-97%) бірақ қауіпсіздік мәселелерімен шектелген; LC16-KMB
кейбір сценарийлерде балама болып табылады. Жаңа кандидаттар (аттенуирленген dBTF, mRNA BNT166, VLP
конструкциялары) доклиникалық/ерте клиникалық зерттеулерде үмітті нәтиже көрсетуде, алайда деректер
үлгілерінің шағындығымен және тікелей салыстыру зерттеулерінің болмауымен шектеледі.
Қорытынды. Басты басымдықтар - репликацияланбайтын вакциналарға қолжетімділікті қамтамасыз ету және
мақсатты PrEP/PEP бағдарламаларын енгізу, эпидемиялық бақылау мен зертханалық дайындықты күшейту, қорғаныс корреляттарын стандарттау және вакциналық платформаларды дәлелді түрде рейтингтеу үшін тікелей
салыстырулы (head-to-head) және ірі адам емес примат (NHP) / клиникалық зерттеулер жүргізу.

Автор өмірбаяны

  • Аян Туяков

     Master of Science (Natural Sciences), Junior Researcher, «Limited Liability Partnership «Research Institute
    for Biological Safety Problems»

Әдебиеттер тізімі

Tuyakov A.M., Zhapparova G.A., Tlenchieva T.M., Myrzakhmetova B.Sh., Zhugunisov K.D., Kutumbetov L.B.,

Omarbekova Zh.Ye., Shabdarbayeva D.M. Mpox: From Epidemiological Trends to Modern Immunoprophylaxis Strategies.

Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (6), pp. 135-148. doi

10.34689/SH.2025.27.6.016

Туяков А. М., Жаппарова Г.А., Тленчиева Т.М., Мырзахметова Б.Ш., Жугунисов К.Д., Кутумбетов Л.Б.,

Омарбекова Ж.Е., Шабдарбаева Д.М. Mpox: эпидемиологиялық үрдістерден заманауи иммунопрофилактика

стратегияларына дейін. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (6), Б. 135-148. doi

10.34689/SH.2025.27.6.016

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-13

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.