SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ ЖАҒДАЙЫНБАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ: АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРГЕНАЗАР АУДАРУ. ӘДЕБИ ШОЛУ.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/vepmyy30

Кілт сөздер:

дене салмағының индексі , болжау моделі , дененің май массасы , семіздік , дене құрылымы , балалар

Аңдатпа

Кіріспе: Балалардың салмағы мен бойының сипаттамаларын өлшеу балалардың физикалық дамуы мен
тамақтану жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Балаларды салмағы аз, артық және семіздікке шалдыққан деп
жіктеуге арналған әртүрлі бағалау құралдары бар. Мұндай бағалауда май мен майсыз массаның мөлшерін
ескеретін дене құрылымы маңызды.
Зерттеу мақсаты: балалардың салмағы мен бойының көрсеткіштерін өлшеу арқылы тамақтанудың
жеткіліктілігін негізгі бағалау әдістері бойынша әдеби дереккөздерге шолу.
Іздеу стратегиясы: Wiley, Scopus, Web of Science, PubMed, Google Scholar, e-Library.ru, CyberLeninka іздеу
жүйелерінде ғылыми мақалалар мен ақпараттарды іздеу жүргізілді. Қосу критерийлері: ағылшын және орыс
тілдерінде ашық қол жетімді толық мәтінді құжаттар, іздеу ауқымы 2003 жылдан бастап 20 жылды құрады.
Сонымен қатар, шолу тақырыбы бойынша тарихи экскурсия үшін 1990 жылдан бастап жеке дереккөздер зерделенді.
Шолуда түпнұсқа мақалалар, ғылыми есептер, әдебиеттерге шолулар, мета-талдаулар, нормативтік құжаттар
талданды. Іздеу нәтижесінде осы шолуға енгізілген критерийлерге сәйкес келетін 80 дереккөз таңдалып алынды.
Нәтижелері: Әдебиеттерге шолу қазіргі уақытта балалардың тамақтану жағдайын бағалаудың бірқатар
қарапайым, әмбебап құралдары әзірленгенін көрсетті, олардың әрқайсысының белгілі бір жағдайларда дәлдігі
мен қолданылуына қатысты өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар.
Тұжырымдар: Дене параметрлерін антропометриялық өлшеу негізінде балалардың ас үлесінің тағамдық
лайықтылығын бағалауға болады. Ең көп таралған әдіс - балалардың жынысы мен жасына байланысты дене
салмағының индексі (ДСИ). Алайда ДСИ ағзадағы май тінінің мөлшерін бағалау шарасы ретінде шектеулері бар.
Осыған байланысты бой мен салмақты өлшеуге негізделген дененің майлы массасын болжау теңдеулерін қолдану
келешектегі бағыт болып табылады. 

Автор өмірбаяны

  • Шынар Абдрахманова

    Докторант Ph.D по специальности «Общественное здравоохранение»,
    Казахстанский медицинский университет «Высшая школа общественного здравохранения», г. Алматы, Республика
    Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Абдрахманова Ш.З., Арингазина А.М., Адаева А.А. Методы оценки состояния питания детей школьного возраста:

фокус на антропометрических параметрах. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2023. 6(Т.25). С. 207-216.

DOI 10.34689/SH.2023.25.6.024

Abdrakhmanova Sh.Z., Aringazina А.М., Adayeva А.А. Methods for school-age children nutritional status assessment:

focus on anthropometric parameters. A Review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 6, pp.

207-216. DOI 10.34689/SH.2023.25.6.024

Абдрахманова Ш.З., Арингазина А.М., Адаева А.А.Мектеп жасындағы балалардың тамақтану жағдайын бағалау

әдістері: антропометриялық параметрлерге назар аудару. Әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6

(Т.25). Б. 207-216. DOI 10.34689/SH.2023.25.6.024

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.