САН - ТІЗЕАСТЫ СЕГМЕНТІНІҢАТЕРОСКЛЕРОТИКАЛЫҚ ЗАҚЫМДАЛУЫ КЕЗІНДЕГІБЕЛСЕНДІ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/qpf7mc82Кілт сөздер:
атеросклероз , сан-тізеасты сегменті , профундопластика , терең сан артериясы , баллонды ангиопластикаАңдатпа
Кіріспе: Аяқ-қол жарамсыздығына әкелетін артериялардың окклюзиялық ауруларының
бірден - бір жиі орналасатын жері ол сан -тізеасты сегменті болып табылады. Сан - тізеасты
сегменті артерияларының зақымдалуы кезінде көп жағдайда хирургиялық әдістер қолданылады
(артерияларды шунттау және эндоваскулярлы емдеу әдістері). Тура реваскулярлы операциялар
жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда, осы деңгейдегі науқастарда сан ампутация отасы жасалу
қаупі өте жоғары көрсеткіште сақталады. Сан - тізеасты окклюзиясы кезінде аяқтардың өмірге
жарамсыздығы терең сан артериясының қызметімен тығыз байланысты. Сол себепті, бүгінгі
күнде тура реваскулярлы операциялар жүргізе алмаған жағдайда, сан - тізеасты сегментінің атеросклеротикалық зақымдалуы кезіндегі белсенді емдеу және хирургиялық әдістерді таңдау
әлі шешілмеген мәселе болып қалады.
Зерттеу мақсаты: Сан - тізеасты сегментінің атеросклеротикалық зақымдануы терең сан
артериясының коллатеральды қан айналымын арқылы жақсарту, созылмалы аяқ
қантамырларының ишемиясы кезіндегі емдеу көрсеткішін жақсарту.
Әдістер мен құралдар: Рандомизирленген емес клиникалық зерттеу - проспективі. Өзіміздің
жұмысымызда 2016 - 2017 жылдардағы №1 Павлодар қалалық ауруханасы, қан тамырлар
бөлімшесінің сан - тізеасты окклюзиясы бар созылмалы аяқ қантамырларының ишемиясымен
сырқат 111 науқастардың емі мен зерттеу нәтижелерін көрсетеміз.
Бақылау тобында 73 науқас, оларға дәстүрлі профундоплатика операциясы жасалынған.
Эксприментальді топқа 38 науқас алынды, оларға бізден ойлап шығарылған әдіс
профундопластика + эндоваскулярлы баллонды ангиопластика операциясы жасалынды.
Әрқайсысына объективті баға жүргізу үшін тіннің транскутантты оттегі қысымын өлшеу қажет.
Ал субъективті бағалау әдісі - науқастардың шағымы, физикальді тексеру, кейін аяқтардың
ишемиялық зақымдалу дәрежесін Фонтейн - Покровский әдісімен бағалау жатқызылады.
Сонымен қатар отадан кейінгі асқынудың анализі жүргізілді.
Топ арасындағы сапалы өзгерістерді Хи2 Пирсон өлшемі бойынша анықтады. Бірегей
топтағы сандық өзгерістерді салыстыру үшін ( емге дейін және емнен кейінгі) Вилкоксон өлшемі
қолданылды. Әртүрлі көрсеткіштер мәнін бағалау, осы себептен вариациялық қатардағы
белгілерді үлестіру үшін Манна-Уитни өлшемі іске асырылды, бұл ретте р < немесе = 0.05
Нәтижелері: Жасалынған оталар нәтижесінен біз келесі көрсеткіштерге ие болдық: 1 топта
(саны - 73(65,8%)) терең сан артериясына дәстүрлі профундопластика жүргізілді. Нәтижесінде
транскутантық қысым көбейіп, топ саны 24,79±5,03-дан 32,60±12,41-ге (Вилкоксон критерий
бойынша - 4,29, р<0,001) көбейді. Ал 2 топта (саны - 38(34,3%))%)) терең сан артериясына
профундопластика мен қоса терең сан артериясы мен оның тармақтарына эндоваскулярлы
баллонды ангиопластика жүргізілді. Осының нәтижесінде топта транскутанттық қысым
24,73±5,06 дан 37,63±12,00 ге көбейді (Вилкоксон критерий бойынша - 4,06, р<0,001). Зерттеу
тобының ешқайсысында отадан кейінгі асқыну соның ішінде миокард инфаркты, Жедел ми қан
айналым жетіспеушілігінен қайтыс болған адамдар саны жоқ. 2 топтағы науқастардың 10
пайызына тромбэктомия отасының сәтсіз болуы және жаралы инфекция нәтижесінен аяқтың
ампутациясы жасалынды.
Қорытынды: Бақылау тобында тіннің транскутантық қысымын өлшегенде орташа
транскутантық қысым 24,79-ден 32,60 мм.с.б.б өсті.
Зерттеу тобында тіннің транскутантық қысымын өлшегенде орташа транскутантық қысым
24,73-тен 37,63 мм.с.б.б өсті. Отадан кейінгі топтардың салыстырмалы анализінде U=900, р=
0,002, критикалық сан р = 0,05. Сонымен, біз ұсынған отада тіннің транскутантық қысымы
анағұрлым жоғары көрсеткіш көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Муфасалов Р.К., Сабеков Р.Д., Жусупов С.М. Оптимизация тактики лечения при
атеросклеротическом поражении бедренно-подколенного сегмента // Наука и Здравоохранение.
2018. 3 (Т.20). С. 60-73.
Mufassalov R.K., Sabekov R.D., Zhussupov S.M. Optimization of Treatment Tacticsfor
Atherosclerotic Lesions in the Femoropopliteal Segment // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare].
2018, (Vol.20) 3, pp. 60-73.
Муфасалов Р.К., Сабеков Р.Д., Жусупов С.М. Сан - тізеасты сегментінің атеросклеротикалық
зақымдалуы кезіндегі белсенді емдеу әдістері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 3 (Т.20). Б. 60-
73.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Радик Муфасалов, Ринат Сабеков, Сабит Жусупов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.