АНА ЖƏНЕ ПЕРИНАТАЛЬДЫ НƏТИЖЕЛЕРІНЕБОСАНУ ИНДУКЦИЯ ƏДІСТЕРІНІҢ ƏСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/78bpck85Кілт сөздер:
босану индукциясы , мизопростол , босану , жатыр мойны , Бишоп шкаласы , окситоцинАңдатпа
Осы статья уақытынан бұрын босануды шешу мақсатымен босану индукциясы әдістерін
қолдану бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтің даму және Денсаулық сақтау
министрлігінің тәжірибеге енгізілген диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес Семей
қаласының Перинатальді орталығында жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелерін құрайды.
Зерттеу мақсаты аналық нәтижелерге босану индукциясы әдістерінің, нақтырақ босану
актісінің және босанудан кейінгі кезеңнің асқынуларының және перинатальді нәтижелердің,
атап айтсақ ұрық асфиксиясының бар немесе жоқ екенін зерттеу болып табылады. Аталған
мақсатқа қол жеткізу үшін авторлармен мизопростолды интравагинальді және пероральді енгізу
жолымен, сонымен қатар тамырішілік окситоцинді енгізу жолымен босану индукциясын
жүргізуден тұратын бақылаулы клиникалық зерттеу жүргізілді. Статья босану актісінің аналық
және перинатальді нәтижелеріне босану индукция әдістерінің әсері бойынша нақты
мәліметтерді құрайды. Материал ретінде 2014ж қаңтар және желтоқсан аралығында индукция
жолымен Семей қаласының Перинатальді Орталығында босанған әйелдердің босану тарихы
қолданылды. Енгізу критерилері жүктіліктің 22 және 42 апта аралығындағы шүйдемен келген
бірұрықты босанулары болды. Жоққа шығару критерилері: көпұрықты босану, ұрықтың
антенатальді өлуі, жамбаспен немесе басқадай дұрыс келмеуі, жатырдағы тыртықпен босану,
оперативті босанулар.
Авторлармен жүргізілген зерттеу анада босану актісінің асқынуларының дамуына босану
индукциясы әдістерінің жоқ екенін (p=0,115) және перинатальді нәтижелерге (p=0,0021) босану
индукциясы әдістерінің әсері жоқ екенін қорытындылайды. Сонымен қатар, мизопростолды
интравагинальді енгізумен салыстырғанда пероральді енгізуде босану әрекетінің дамуы
неғұрлым тезірек екені анықталды (p=0,001).
Аталған зерттеудің тәжірибелік мәні тәжірибеге босану индукциясы әдістерін неғұрлым
белсенді енгізуді, сонымен қатар босану актісінің дамуын тездету үшін пероральді жолды
қарқынды қолдануды талап етеді.
Әдебиеттер тізімі
Бексултанова М. У., Танышева Г. А., Кинаятова Ш. К. Влияние методов индукции родов на
материнские и перинатальные исходы родов / / Наука и Здравоохранение. 2015. № 5. С. 42-51.
Beksultanova M. U., Tanysheva G. A., Kinayatova Sh. K. The influence of methods of labour induction on
maternal and perinatal outcomes. Nauka i Zdravoohranenie [Science & Healthcare]. 2015, 5, pp. 42-51.
Бексултанова М. У., Танышева Г. А., Кинаятова Ш. К. Ана және перинатальды нәтижелеріне босану
индукция әдістерінің әсері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. № 5. Б. 42-51.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Маржан Бексултанова, Гуляш Танышева, Шолпан Кинаятова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.