ГЕПАТОЦЕЛЛЮЛЯРЛЫ КАРЦИНОМАСЫ БАРНАУҚАСТАРДАҒЫ ХИМИОТЕРАПИЯ ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАНЭХОКАРДИОГРАФИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
DOI:
https://doi.org/10.34689/vq1tww94Кілт сөздер:
гепатоцеллюлярлық карцинома , кардиоуыттылық , эхокардиография , миокардАңдатпа
Кіріспе. Жүрек-қан тамырлары аурулары (ЖҚА) денсаулық сақтаудың негізгі мәселерлерінің бірі бола отырып,
ауру мен өлім құрылымында жетекші орын алады. Қосымша жүретін аурулардың жиілігі жас ұлғайған сайын
артады және ЖҚА қатерлі ісікпен біріктірілгенде, бұл денсаулық сақтау үшін елеулі мәселелер қаупін тудырады.
Мақсаты. Бұл зерттеудің мақсаты монотерапияда да, трансартериялық химиоэмболизациямен (ТАХЭ)
біріктірілуде де мақсатты терапия алған алдыңғы жүрек-қан тамырлары аурулары жоқ гепатоцеллюлярлық
карциномасы (ГЦК) бар емделушілерде миокард дисфункциясының ерте эхокардиографиялық өзгерістерін анықтау
болды.
Материалдар мен әдістер. Осы проспективті зерттеуге сорафенибпен мақсатты терапия немесе сорафениб пен
ТАХЕ (доксорубицин) комбинациясын алған 73 ГЦК бар пациенттер қатысты. Пациенттерге емдеу басталғанға дейін
және емдеу басталғаннан кейін 6 айдан кейін бірқатар эхокардиографиялық зерттеулер жүргізілді. Келесі
параметрлер: сол қарыншаның шығарылу (аластау) фракциясы (LVEF), сол қарыншаның соңғы диастолалық
көлемі (LVEDV), сол қарыншаның соңғы систолалық көлемі (LVESV) және сол қарыншаның глобалды бойлық
деформациясы (GLS) бағаланды. Статистикалық өңдеу үшін Манна-Уитнидің параметрлік емес критерийі (топтарды
салыстыру үшін), Уилкоксон критерийі (топтар ішіндегі талдау үшін) және Стьюденттің қалыпты үлестірім
параметрлері үшін t тесті қолданылды, p<0,05-тегі айырмашылықтар статистикалық маңызды болып саналды.
Нәтижелер. Бастапқы сол қарыншаның шығарылу (аластау) фракциясы (LVEF) сорафенибпен емдеуді
бастамас бұрын сорафениб тобында 61,6 ± 4,4% және сорафениб + ТАХЕ тобында 58,2 ± 3,9% құрады. 6 айдан
кейін екі топта да LVEF, LVEDV, және LVESV статистикалық маңызды өзгерістер болған жоқ. Алайда,
статистикалық маңызды төмендеу (GLS) анықталды: аралас терапия тобында -14,2 ± 2,9 және -14,8 ± 2,2 (p=0,044);
сорафениб тобында -20,1 ± 2,6 және -14,2 ± 2,9 (p=0,029); сорафениб + ТАХЕ тобында -20,4 ± 2,0 және -14,8 ± 2,2
(p=0,036).
Қорытынды. Ісікке қарсы терапияны қабылдап жатқан науқастарда клиникаға дейінгі миокардтың систолалық
дисфункциясын анықтау үшін глобалды бойлық деформацияны қолдануға болады.
Әдебиеттер тізімі
Kubekova S. Rib Ye. Zagorulya N. Malayev N. Biktashev D. Zhukusheva Sh. Chemotherapy-Induced Echocardiography
Changes in Hepatocellular carcinoma Patients // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (6), pp. 47-
53. doi 10.34689/SH.2025.27.6.006
Кубекова С., Риб Е., Загоруля Н., Малаев Н., Бикташев Д., Жукушева Ш. Эхокардиографические изменения,
вызванные химиотерапией, у пациентов с гепатоцеллюлярной карциномой // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27
(6), С. 47-53. doi 10.34689/SH.2025.27.6.006
Кубекова С., Риб Е., Загоруля Н., Малаев Н., Бикташев Д., Жукушева Ш Гепатоцеллюлярлы карциномасы бар
науқастардағы химиотерапия әсерінен туындаған эхокардиографиялық өзгерістер // Ғылым және Денсаулық
сақтау. 2025. Vol.27 (6), Б. 47-53. doi 10.34689/SH.2025.27.6.006
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Сауле Кубекова, Елена Риб, Наталья Загоруля, Нияз Малаев, Дамир Бикташев, Шолпан Жукушева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.