SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

АҒЗАНЫҢ ТЕТРАБОРАТ НАТРИЙМЕН СОЗЫЛМАЛЫИНТОКСИКАЦИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ БАУЫРДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ

Авторлар

  • Акженис Бердалинова Автор
  • Т. Ж. Умбетов Автор
  • Ж. Е. Комекбай Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/n2r3vj98

Кілт сөздер:

тетраборат натрия , гепатоциттер , екі ядролы жасушалар , полиплоидты жасушалар , интоксикация

Аңдатпа

Кіріспе: Қазақстан Республикасының Ақтобе қаласы бор және хромнан биогеохимиялық
аймақ болып табылады, хром қосылысының әртүрлі дозалары адам және жануарлар ағзасына
әсері жайлы зерттеулер көптеп кездеседі, ал бор қосылысының мүшелер мен жүйелерге әсері
жөніндегі зерттеулер бірең – сараң.
Зерттеу мақсаты: тетраборат натрийдің бауыр морфологиясына әсерін зерттеу.
Әдістері: Зерттеу 50 тексіз аталық ақ егеуқұйрықтарға (10 интактылы, 20 – бақылау, 20 –
тәжірибелік) жүргізілді. Тәжірибелік жануарларға 2 ай бойына күн сайын 150 мг/кг дозада
тетраборат натрийдің физиологиялық ерітіндісін 1-2 мл көлемде іш қуысына енгізілді. Бақылау
жануарларына сол мерзімдерде іш қуысына 1-2 мл физиологиялық ерітінді енгізілді. Зерттеу
материалы бауыр бөлігі. Гистологиялық өткізуден 7-8 мкм қалыңдықта кесілген бауыр
кесінділерін гематоксилин - эозин және ван – Гизонмен боялды. Квадратты торда (250 нүкте)
40X40 мкм морфометриясын өткіздік.
Нәтижесі: Екі ай тетраборат натриймен созылмалы улануынан кейін орталық венаның қанға
толғанын – қан іркілісі, синусоидальды капиллярлардың кеңігені, дегенерация байқалды,
негізінен орталық венаның айналасында ашық гепатоциттер, фибробластар санының және
бауыр триадасының айналасында коллаген талшықтарының өсуі, гепатоцит ядроларында
амитоз анықталды, екі ядролы жасушалар (бақылауда 6,2±0,41%, тәжірибеде 12,7±0,75%)
полиплоидты жасушалар санының (бақылауда 1,2±0,02%, тәжірибеде 4,3±0,27%) көбейгені
байқалды. Сонымен қатар салмақ индексінің төмендегені байқалды (бақылауда 41,7±2,14%,
тәжірибеде 36,3±2,53%).
Қорытынды: Тетраборат натрийдың созылмалы интоксикациясы егеуқұйрықтар ағзасын
гепатоциттер дегенерациясына, бауыр бөліктерінің венозды тамырларда қан іркілуіне, екі
ядролы және полиплоидты гепатоциттер санының өсуіне әкеледі.

Автор өмірбаяны

  • Акженис Бердалинова

     м.м.н., докторант кафедры гистологии ЗападноКазахстанского Государственного медицинского университета имени Марата Оспанова, г. Актобе,
    Казахстан.

Әдебиеттер тізімі

Бердалинова А. К., Умбетов Т. Ж., Комекбай Ж. Е. Морфология печени при хронической интоксикации

организма тетраборатом натрия / / Наука и Здравоохранение. 2015. №3. С. 89-97.

Berdalinova A. K., Umbetov T. Zh., Komekbai Zh. E. Morphology of the in chronic intoxication of the organism

with sodium tetraborate. Nauka i Zdravoohranenie [Science & Healthcare]. 2015, 3, pp. 89-97.

Бердалинова А. К., Умбетов Т. Ж., Комекбай Ж. Е. Ағзаның тетраборат натриймен созылмалы

интоксикациясы кезіндегі бауырдың морфологиясы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2015. №3. Б. 89-97.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.