ЭПИЛЕПСИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК КЕЗІНДЕ ПАРОКСИЗМАЛЬДЫ ДЕПОЛЯРИЗАЦИЯЛЫҚ ЫҒЫСУ КЛАСТЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА Kv7 ТҰҚЫМДАС КАЛИЙ КАНАЛДАРЫНЫНЫҢ ИНГИБИТОРЛАРЫ МЕН АКТИВАТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Өзектілігі. Эпилепсия ұстамалары гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ) тежегіш жүйесінің әлсіреуінің салдары болып табылады, бұл өз кезегінде нейрондарының өліміне әкелуі мүмкін. Эпилепсияны емдеудің күрделілігі 1000-нан астам геннің экспрессиясымен түсіндіріледі. Эпилептиформды белсенділік негізіндегі клеткалық модельдерді қолдану – эпилепсия табиғатын зерттеу міндетін біршама жеңілдетеді сонымен қатар процестің көптеген қатысушыларының рөлін анықтауға, олардың қатысуымен сигнал беру тізбегін құруға, белсенділігін реттеу механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді. Эпилептиформды белсенділікке потенциалға тәуелді кальций каналдары (Kv7) каналдары мен кальций-өткізгіш АМРА рецепторларының әсерінің анықталуы, ғылым саласында үлкен бір қадам бола отырып, гиперқозудың фармакологиялық жолдарын ашады.
Зерттеу мақсаты: Эпилептиформды белсенділіктегі пароксизмальды деполяризациялық ығысу (ПДЫ) кластерлерінің құрылымына Kv7 каналдарының ингибиторы мен активаторларының әсерін анықтау.
Материалдар мен зерттеу әдістері: Тәжірибелерде жаңа туған (1-3 күн) Wistar егеуқұйрықтарының миынан алынған гиппокампалық жасушаларының аралас нейроглиальды культурасы қолданылды. Тәжірибелер гиппокампалық нейрондық культурада өсірудің 12-14 күнінде жүргізілді. Барлық зерттеулер in vitro жасушалық деңгейде жүргізілді. Жасушаішілік кальций концентрациясының өзгерісін флуоресценттік микроскопия әдісі арқылы тіркелді. Мембраналық потенциалдың өзгеруі Patch-Clamp әдісі арқылы тіркелді. Алынған нәтижелерді талдау және өңдеу жұмыстары Origin 9.1 және Image J бағдарламалары қолданылды.
Зерттеу нәтижелері: Жүргізілген тәжірибелер кластердің ұзақтығы дискретті (ПДЫ бүтін санына өзгереді) және бақылауда бір кластерге азаятынын көрсетті, бұл стохастикалық процестің кластер индукциясына қатысуын көрсетеді. Kv7 каналдар кластерді қалыптастыруға да, ПДЫ-ның өзіне де қатысады.
Қорытынды: Kv7 тұқымдас калий каналдары ПДЫ кластерінің гиперполяризациядан кейінгі жылдамдығын арттыра отырып, эпилептиформды белсенділіктегі әрекет потенциал жиын ұзақтығын және кальций импульстарының ұзақтығын азайтады. Сондай-ақ, Kv7 каналдарының тікелей активаторлары мен ингибиторлары синхронды жиын белсенділік және Ca2+ импульстарының параметрлерін олардың ұзақтығын, амплитудасын өзгертеді, алайда эпилептиформалық белсенділіктегі нейрондардағы деполяризациялық ығысу жиілігі өзгеріссіз қалады.
Number of Views: 10659
Category of articles:
Original article
Bibliography link
Тулеуханов С.Т., Зинченко В.П., Қайрат Б.Қ., Тусупбекова Г.А., Малибаева А.Е. Эпилепсиялық белсенділік кезінде пароксизмальды деполяризациялық ығысу кластерлерінің құрылымына Kv7 тұқымдас калий каналдарының ингибиторлары мен активаторларының әсерін зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (1), Б. 32-39. doi 10.34689/SH.20254.27.1.004Related publications:
EPIDEMIOLOGY, RESOURCE DISTRIBUTION, AND MANAGEMENT CHALLENGES OF CHRONIC HEART FAILURE IN KAZAKHSTAN: A NATIONAL RETROSPECTIVE ANALYSIS
PREVALENCE OF POLYMORPHISMS IN WARFARIN METABOLISM-RELATED GENES AMONG THE KAZAKH POPULATION
NEUROLOGICAL COMPLICATIONS IN EXTRACORPOREAL MEMBRANE OXYGENATION: RISK FACTORS FOR THE DEVELOPMENT OF ACUTE CEREBROVASCULAR EVENTS
THE EFFECT OF REPAGLINIDE AND METFORMIN ON EXTERNAL RESPIRATORY FUNCTION IN PATIENTS WITH DIABETES AND ISCHEMIC HEART DISEASE ASSOCIATED WITH OBESITY
RETROSPECTIVE ANALYSIS OF PATIENTS WITH OBLITERATING ATHEROSCLEROSIS OF THE LOWER EXTREMITY ARTERIES IN THE ABAI REGION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN