Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
Публикации за предыдущие года можно посмотреть по ссылке
Публикации в архиве
ВЕНА ІШІЛІК ИНФУЗИЯ ЖАСАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҮЙҚОЯНДАРЫНЫҢ АҒЗАСЫНДА ПАЙДА БОЛҒАН МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ ВЕНАЛЫҚ ҚЫСЫМЫ
27 дені сау үйқоянына тәжірибе жүргізілді. 22 үйқоянына  әр түрлі көлемдегі физиологиялық ерітіндімен вена ішілік инфузия жасалды. Барлық 27 үйқоянының ағзаларынан гистологиялық микропрепараттар алынды: бас ми, жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек. Барлық үйқоянынан сулы бағанадан есептегенде -4,8±0,9 дейін - 10,2±1,6 мм шыққан теріс орталық веналық қысым (ОВҚ) анықталды. 100ден 700 мл-ға дейін көлемдегі изотониялық ерітіндіні енгізу шығатын терістен сулы бағанамен 183,3±7,9 мм дейінгі жоғары ОВҚ тудырды. Өлген үйқояндарының ағзасындағы өзгерістерге морфологиялық баға беру олардың ...
Подробнее
2013 год | Выпуск: 1 | Страницы: 78-79

АИТВ-ЖҰҚПАСЫ БАР ПАЦИЕНТТЕРДЕГІ БАЦИЛЛЯРЛЫ АНГИОМАТОЗ ЖАҒДАЙЫ
Мақалада ЖИТС-пен ауратын науқастағы айқын иммунтапшылығы тұсында өлім-жітімге әкелетін бациллярлы ангиоматоз ағымы жағдайы қарастырылған. Клиникалық симптоматика атипиялылығы мен аурудың сәйкес этиотроптық терапиясыз қолайсыз ағымы Қазақстан Республикасындағы иммунтапшылығы жағдайлары кезіндегі мониторингілеу сызбасына бартонеллоз диагностикасын енгізу үшін жеткілікті негіздеме болып табылады.
Подробнее
2013 год | Выпуск: 1 | Страницы: 73-75

МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОМЫ БАР НАУҚАСТАР ҚАНЫНЫҢ ЛИПИДТІК СПЕКТРІ ЖӘНЕ ЭРИТРОЦИТТЕР АГРЕГАЦИЯСЫ
Метаболикалық синдромы бар науқастарда Ашкинази әдісімен эритроциттердің агрегациялы қасиеттеріне лазер сәулелерінің әсерін зерттеу қанның реалогиялық қасиеттерінің жақсаруын көрсететін эритроциттер агрегациясы деңгейінің төмендеуін анықтады. Сонымен қатар, липидтік алмасу көрсеткіщтеріне лазердің жағымды әсері байқалды.
Подробнее
2013 год | Выпуск: 1 | Страницы: 63-64

2007--2011 жж. ЕКІБАСТҰЗ АЙМАҒЫНДА ИНЪЕКЦИЯЛЫҚ ЕСІРТКІ ТҰТЫНУШЫ НАШАҚОРЛАР АРАСЫНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Екібастұз аймағында АҚТҚ жұқпасының эпидемиясы есірткі тұтынушы нашақорлар арасында 2007-2011 жылдарда эпидемиологиялық қадағалау нәтижесі бойынша АҚТҚ жұқпасы бастапқы сатыда. АҚТҚ жұқпасы есірткі тұтынушылар арасында таралуы 0%, вирустық гепатит «С» - 73,5% құрайды.
Подробнее
2013 год | Выпуск: 1 | Страницы: 55-58

«ГИАМАТРИКС» ЖАСАНДЫ БИОТЕРІМЕН ТРОФИКАЛЫҚ ЖАРАНЫ ЕМДЕУ ӘСЕРІ
Осы жұмыста Оренбург мемлекеттік университетінің қызметкерлерімен жаңа биотехнологиялық өндеу негізінде жарыққа шығарған «Гиаматрикс» жасанды биотерімен трофикалық жаралары бар науқастарды емдеу нәтижелері корсетілген. Ұзақ уақытқа дейін жазылмай жүрген созылмалы, басқа ем әдістеріне резистентті, трофикалық жаралары бар 2 ауруды емдеу осы препараттың өте жоғары регенераторлы қасиеті бар екенін көрсетті.
Подробнее
2013 год | Выпуск: 1 | Страницы: 52-54