Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
Публикации за предыдущие года можно посмотреть по ссылке
Публикации в архиве
ФРАКЦИОНАЛДАНҒАН ГАММА-СӘУЛЕЛЕНУДЕН КЕЙІН ҰЗАҚ МЕРЗІМ КЕЗЕҢІНДЕ ОРГАНИЗМ ИММУНИТЕТІНДЕГІ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС ФАГОЦИТАРЛЫҚ БӨЛІМІНЕ ИМУНОФАННЫҢ ӘСЕРІ
Фракционалданған гамма-сәулелермен сәулеленуден кейін ұзақ мерзім кезеңінде иммунитеттің спецификалық емес бөлімінде аздаған өзгерістер болды. Фракционалданған гамма-сәулелермен сәулеленуден кейін ұзақ мерзім кезеңінде иммунокорекция ретінде қолданылған имунофан препараты иммундық жүйедегі фагоцитарлық фактор көрсеткішінің қалыптасып, өзгергенін көрсетті.
Подробнее
2013 год | Выпуск: 1 | Страницы: 50-51

ҚАННЫҢ ИММУНОГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ҮШІН ГЕЛДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Мақала қанды иммуногематологиялық зерттеу үшін қолданылатын гелдік технология, гелдік сынақтама туралы мәліметтерді және сәйкестендіру карталарының сипаттамасын ұсынады. Мұнда гелдік технологияның клиникалық маңыздылығы мен артықшылықтары, сонымен қатар бірқатар зерттеулердің нәтижелері қарастырылған. Аталмыш жұмыс трансфузиология, трансплантология, гематология, иммуногология салаларында иммуногематологиялық зерттеулермен айналысатын мамандарға арналады.
Подробнее
2013 год | Выпуск: 1 | Страницы: 47-50

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ЖАСӨСПЕРІМДЕРДЕГІ ТУБЕРКУЛЕЗ
Туберкулезді емдеуге қолданылатын дәрілерге сезімталдығы сақталған аурулармен салыстырғанда, туберкулезді емдеуге қолданылатын дәрілерге төзімділігі бар ауруларда емдеу нәтижесінде өкпедегі тесіктері жай жабылды және қақырықтары туберкулез қоздырғышынан кешігіп тазарды. Туберкулезді емдейтін дәрілерге төзімділігі бар науқастармен бірге тұратын балалар мен жасөсперімдердегі, дәрілерге төзімділік науқастың дәрілерге төзімділігімен сәйкес келеді, сондықтан туберкулез ошағында тұратын балалар мен жасөсперімдерге химиопрофилактиканы науқастың сезімталдығы сақталған дәрілермен жүргізу керек.
Подробнее
2013 год | Выпуск: 1 | Страницы: 45-46

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ ТУБЕРКУЛИНГЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН СЕБЕПТЕР
Мектеп жасына дейінгі балалардың туберкулинге сезімталдығы аурудың даму сатысына, асқынуына және қаншалықты ауырлығына байланысты. Көп жағдайда балаларда кездесетін теріс және көмескі туберкулиндік реакциялар балаларға диагноз қоюға бөгет жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балалармен салыстырғанда емшек жасындағы балаларда теріс туберкулиндік реакциялар 13,2 есе көп, ал жоғарғы сезімталдық реакциялары 5,8 есе аз кездеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда теріс туберкулиндік реакциялар 4,6 есе көп, ал өте жоғары сезімталдық реакциясы 2,2 есе аз кездеседі.
Тексеру кезінде, мектеп жасына ...
Подробнее
2013 год | Выпуск: 1 | Страницы: 44-45

ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕГІ ТЫНЫС АҒЗАЛАРЫ ТУБЕРКУЛЕЗІН DOTS
Көп жағдайда  жасөспірімдердегі өкпе туберкулезін комплексті емдеу жақсы нәтиже береді. Емнің нәтижесі негізінен төменде келтірілген мәліметтерге тікелей байланысты, яғни емдеу уақытында басталуы керек, қосымша ауруларды емдеу, патогенетикалық емдеу жүргізу (УВЧ-мен, лидазамен), екінші қатарға жататын дәрілерді қолдану (амикацин, таривид, протионамид) және дәрілердің тиімді қосындыларын қолдану керек. Емдеу аурулардың 95,4%-да жақсы нәтижемен аяқталды.
Подробнее
2013 год | Выпуск: 1 | Страницы: 42-43