Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕ ЕҢБЕК ЕТУ ЖАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ОНКОЛОГИЯЛЫҚ СКРИНИНГТІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ. ЖҮЙЕЛІ ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Просмотреть статью в архиве
Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агентігінің мәліметі бойынша қатерлі ісіктен 14,1 миллион аурудың жаңа жағдайлары мен 8,2 миллион өлім-жітімі анықталған. 2012 жылы дүние жүзі бойынша қатерлі ісіктердің ішінен жиі кездескен диагноздары: өкпе обыры (1,82 млн), сүт безі (1,7 млн), тік ішек қатерлі ісігі (1.36 млн) болған. Қатерлі ісіктен болған өлімнің ең көп тараған түрлері өкпе обыры (1,6 миллион өлім), бауыр обыры (752,000 өлім-жітім) және асқазан обыры (723,000 өлім) болғаны анықталды. Қатерлі ісіктерді уақтылы және ерте диагностикалауға, емдеу нәтижелерін айтарлықтай жақсартуға және пациенттердің өмір сүру деңгейінің артуына әкелетін ең тиімді жол онкологиялық скрининг болып отыр. Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта скринингтік бағдарламалар көзбен көріп анықтайтын қатерлі ісіктерге бағытталған. Олардың қатарында – сүт безі, жатыр мойны және тік ішек қатерлі ісігі бар. Соңғы 2-жылда пилоттық түрде онкологиялық скрининг қатерлі ісіктің мына түрлерін қамтуда; өңеш, асқазан, қуық асты безі және бауырдың гепатоцеллюлярлы қатерлі ісігі. Көптеген жүргізілген зерттеулерге қарамастан қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау әліде болса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы 10-жылда жүргізілген зерттеулерде онкологиялық скринигтің тиімділігін анықтау мақсатында онкоскринигтің тиімді әсерімен кемшілік тұстары зерттелінді. Жүргізілген онкологиялық скринингтердің жетістіктеріне, кемшіліктеріне, пациенттердің жас айырмашылығына, зеріттеушілер берген ұсыныстарға айрықша назар аудардық. Іздеу деректері MEDLINE, SCOPUS базаларында жүзеге асырылды. Кілтті сөздермен сәйкестендіру бойынша 1254 мақала алынды, оның ішінен 62 зерттеуге кірді.
Количество просмотров: 987

Ключевые слова:

Категория статей: Обзор литературы

Библиографическая ссылка

Булешов М.А., Тажибаева К.Н., Булешова А.М., Гржибовский A.М. Оценка эффективности скрининга онкологических заболеваний у трудоспособного населения за рубежом и в Казахстане. Систематический обзор / / Наука и Здравоохранение. 2016. № 6. С. 123-145. Buleshov М.A., Tazhibayeva K.N., Buleshovа A.М., Grjibovski A.M. Evaluating the effectiveness of screening for cancer in the population of working abroad and in Kazakhstan. Systematic review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 6, pp. 123-145. Булешов М.А., Тажибаева К.Н., Булешова А.М., Гржибовский A.М. Қазақстанда және Шетелде еңбек ету жасындағы тұрғындар арасында ұйымдастырылатын онкологиялық скринингтің тиімділігін бағалау нәтижелері. Жүйелі әдебиеттік шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. № 6. Б. 123-145.

Авторизируйтесь для отправки комментариев