ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІ КЕЗІНДЕГІ ҚАННЫҢ ГЕМОТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Кіріспе: Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) ауруы ауыспалы мультижүйелі және кең спектірлі клиникасы бар гетерогенді аутоиммунды ауру. Ағзадағы тірек-бұлшықет, тері, бүйрек, неврологиялық, гемотологиялық, өкпе, асқазан-ішек және көз сияқты кез-келген мүшелердің ұлпалары ЖҚЖ – ға ұшырауы мүмкін. ЖҚЖ бар науқастардың ортақ белгілері - гемотологиялық бұзылыстар. Әдетте гемотологиялық бұзылыстар ЖҚЖ-ның патофизиологиясына байланысты туындайды, бірақ ол өзгерістер ауруға байланыссыз да пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты ЖҚЖ – ның әсерінен дамитын гемотологиялық бұзылыстарды, ЖҚЖ-ның емдеу салдарынан туындаған ба, әлде қанның басқа жасушалық дискразиясының бір бөлігі ме екенін ажыратудың маңызы зор.
Мақсаты: ЖҚЖ ауруының белсенділігіне және клиникалық көрінісіне байланысты, қанның гематологиялық көрсеткіштерінің, лейкоциттер мен лейкоцитарлық формулалар деңгейінің өзгеру ерекшеліктері туралы қазіргі әдебиеттерге шолу жасау.
Материалдар мен әдістер: Мақала жазуға арналған материалды іздестіру мен талдау PubMed, Scopus, , Medline, Web of Science , SpringerLink, Web of Knowledge (Thomson Reuters), Медицина, Science Direct, rheumatolog.ru, BMC (biomedcentral.com), cyberleninka.ru, BMJ (ard.bmj.com), Oxford academic (academic.oup.com) және т.б. ақпараттар базасы мен веб-сайттарда жүргізілді. Іздену жұмыстарының тереңдігі соңғы 15-20 жылдағы мәліметтерді қамтыды. 70 – тен астам әдеби дереккөздердің 63-і осы мақалаға аналитикалық материал ретінде таңдалды.
Нәтижелер: Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) (ХАЖ-10 бойынша М32) – иммундық жүйенің реттелу үрдісінің генетикалық бұзылуы нәтижесінде, көптеген мүшелердің тіндерінде иммундық қабынудың дамуымен, жасушалардың ядролары мен иммундық кешендерінің антигендеріне арнайы ағзалық антиденелердің түзілуінің негізінде туындайтын, этиологиясы белгісіз, аутоиммунды ауру.
Қорытынды: Гемотологиялық бұзылыстар ЖҚЖ науқастарында, аурудың ең жиі кездесетін ортақ белгісі болып табылады. Гемотологиялық бұзылыстарды ЖҚЖ көрінісі, ЖҚЖ – ны емдеу салдары немесе қанның басқа да дискразиясының бір түрі ретінде ажырата біліу маңызды. Біздің шолуымызда ЖҚЖ ауруының патогенезі, лейкопения, нейтропения, лимфоцитопения, перифириялық цитопения қарастырылды.
Количество просмотров: 1254
Категория статей:
Обзор литературы
Библиографическая ссылка
Тәсібекова Г.Т., Калиев Э.А., Қожахметова А.Н. Жүйелі қызыл жегі кезіндегі қанның гемотологиялық көрсеткіштерінің өзгеру ерекшеліктері. Әдебиеттерге шолу // Наука и Здравоохранение. 2020. 5 (Т.22). С. 57-67. doi:10.34689/SH.2020.22.5.005Похожие публикации:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
ANALYSIS OF ANTIBIOTIC PRESCRIBING PRACTICES IN PRIMARY HEALTH CARE SETTINGS. PART I
ТЕНДЕНЦИИ ЗАБОЛЕВАЕМОСТИ ИНФЕКЦИОННОГО ЭНДОКАРДИТА ПОСЛЕ ОБНОВЛЕНИЯ МЕЖДУНАРОДНЫХ РУКОВОДСТВУЮЩИХ ПРИНЦИПОВ. ОБЗОР ЛИТЕРАТУРЫ
СРАВНЕНИЕ МЕТОДОВ МОДЕЛИРОВАНИЯ РЕЦЕССИИ ДЕСНЫ НА ЛАБОРАТОРНЫХ ЖИВОТНЫХ