СҮЛЕЛІ ҚАБЫНБАЛЫ ІШЕК АУРУЫ ЖАРАЛЫ КОЛИТТІҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КРИТЕРИЛЕРІ ЖӘНЕ ЕМІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Өзектілігі: Ішектің сүлелі қабынбалы ауруы - Жаралы колит асқорту ағзаларының ішінде ең ауыры болып табылады және 30-50% жағдайда еңбек ету қабілеті сақталған жастарда кездесу жиілігі кеңінен тараған, осы аурудың өзектілігін тағыда ауру ағымының ауырлығы, жүйелік зақымданулардың қосарлануы, тұрақты түрде жұмыс істеу қабілетін жоғалту және аурудың басталғаннан кейінгі 3-6 жылда емге резистенттіліктің туындауын жатқызуға болады [1-5].
Зерттеудің мақсаты: Жаралы колит ауруын анықтау және биологиялық емнің нәтижелігі туралы қазіргі әдебиеттерге шолу жасау.
Іздену стратегиясы: Мақаланы жазуға арналған материалдарды іздеу және талдау ақпараттық базалар мен веб-сайттар PubMed, Scopus, Medline, Web of Science, SpringerLink, Медицина, cyberleninka.ru жүргізілді. Іздеу жұмыстарының тереңдігі соңғы 10 жылдағы деректерді қамтыды. 90-нан астам әдеби дереккөздердің 66-ы осы мақаланың аналитикалық материалы ретінде таңдалды. Енгізілетін критерилер: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар, толық мәтінді эпидемиологиялық және клиникалық зерттеулер, конференциялардың деректері. Енгізілмейтін критерилер: қайталанған басылымдар.
Нәтижесі: Жүргізілген әдеби шолулардың нәтижесі бойынша ішектің сүлелі қабыну аурулары туралы эпидемиологиялық сенімді деректердің болмауы және әдеттегі патогендік терапия нәтижесінің төменділігі, гендік инженерлік биологиялық терапияның тиімділігі анықталды.
Қорытынды: Көптеген авторлардың пайымдаулары бойынша ішектің сүлелі қабынбалы ауруы кезінде бағдарламалы 3-6ай бойында жүргізілген гендік инженерлік биологиялық терапияның нәтижесінде ішектің сүлелі қабыну аурулары бар науқастар арасында индукция ремиссия туындап, сонымен қатар науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпалын тигізген.
Количество просмотров: 1056
Категория статей:
Обзор литературы
Библиографическая ссылка
Калимолдина Г.К., Жумадилова З.К., Каскабаева А.Ш., Муздубаева Ж.Е., Раисова К.К. Сүлелі қабынбалы ішек ауруы жаралы колиттің диагностикалық критерилері және емінің мүмкіндіктері. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 2 (Т.23). Б. 66-80. doi:10.34689/SH.2021.23.2.007Похожие публикации:
RADIATION EXPOSURE IN THE SEMIPALATINSK REGION: TRANSGENERATIONAL RISKS AND DOSIMETRY APPROACHES
TRENDS AND PATTERNS OF MALE REPRODUCTIVE SYSTEM DISEASES IN THE CONTEXT OF MEDICAL AND DEMOGRAPHIC INDICATORS. LITERATURE REVIEW
INFECTIOUS COMPLICATIONS OF UROLOGICAL INTERVENTIONS FOR UROLITHIASIS. LITERATURE REVIEW
PREVALENCE OF CHRONIC OBSTRUCTIVE PULMONARY DISEASE AS A GLOBAL HEALTH PROBLEM
THE QUALITY OF LIFE OF PATIENTS WITH COPD. LITERATURE REVIEW